Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Махамбет оқулары

  • Республикалық «Махамбет оқулары» байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы:
    «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша Охиттан Нұриден – І орын (жетекшісі: Тұрғанбек А. С.)

    «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша Айгожина Жанерке – Құрмет грамотасы (жетекшісі: Касыбаева М. Б.)

    «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелденмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау бағыты бойынша Темірбек Сара – Құрмет грамотасы (жетекшісі: Окпина Б. М.)

Толығырақ

Үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі

19 қыркүйекте үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі өтті. Оқушыларымыз жәрмеңке барысында 2024-2025 оқу жылына ұсынылған үйірмелерге жазылды. Әрбір үйірме және секция былтырғы жыл жетістіктерін қөрсетіп, ұсынды. Барлық оқушыларға сәттілік пен алар асулары мол болсын деп тілейміз!

Толығырақ

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" айы шеңберінде 5-11 сыныптар арасындағы сынып сағаттары

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы шеңберінде 5-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді

Толығырақ

Денсаулық күні

2024 жылғы 13 қыркүйекте гимназия-интернат оқушыларына Денсаулық күніне орай таза ауада спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Толығырақ

Тоғызқұмалақ флешмобы

2024 жылғы 09 қыркүйекте гимназия-интернат оқушылары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған тоғызқұмалақ флешмобына қатысты.

 

Толығырақ

Тоғызқұмалақ флешмобы

2024 жылғы 09 қыркүйекте гимназия-интернат оқушылары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған тоғызқұмалақ флешмобына қатысты.

 

Толығырақ

Үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі

06 қыркүйек 2024 жылғы «Ы.Алтынсарин дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» мемлекеттік мекемесінде Отбасы күні қарсаңында «Адал адам. Адал еңбек.Адал табыс» тақырыбында жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар қауымдастығын 2023-2024 оқу жылының ерекшелігімен таныстыра отырып, жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны негізінде «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында секциялық бөлім жұмыстары ұйымдастырылды. «Өнеге отбасынан басталады» аудиториясында ата-ана мен бала арасындағы өнеге мәнінде әңгіме жүргізу тақырыптары ұсынылса, «Пікірісайыс алаңы» дебат аудиториясында қазіргі таңдағы өзекті мәлелелер талқыға салынды және «Қалдықтарды креативті қолдану» лайфхак аудиториясында Үнемді қолдану жұмыстары жүргізілсе, «Кітап –сарқылмас қазына» тақырыбында ата-ананың кітап оқуы , «Біз де бала болып көрейік» аудиториясында ситуациялық жағдаяттарды талқылау арқылы ата-аналардың өзіндік көзқарастары мен пікірлері тыңдалды. 2024 -2025 оқу жылында баланың оқу – тәрбие процесіндегі ата-аналармен ынтымақтастықта жүргізілетін бірталай жұмыстардың кешені аталып өтті.

Толығырақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мың бала" мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпықазақстандық диктант

5 қыркүйек күні сағат 11:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мың бала" мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпықазақстандық диктант өткізілді. Диктант жазуға мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушылары қатысты.

Толығырақ

Ремонт

Оқушыларға білім алуға қолайлы орта ұйымдастыру мақсатында жазғы демалыста интернаттағы балалардың жатын бөлмелерінің есіктері ауыстырылды. Осыған дейін интернаттағы бөлмелердің есіктері 10 жылдан астам уақыт бұрын ауыстырылған болатын. Және асханамыздың ас дайындайтын блогында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қабырға мен еденнің керамо тақтайшалары жаңартылды.

Толығырақ

1 қыркүйек

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғылды. Бүгін салтанатты жиынға мектеп табалдырығын енді аттаған 5-сыныптың 72 бүлдіршіні мен 45 мектеп бітіруші түлектеріміз қатысты. Әрине оқушыларымызды қолдап келген ата-аналардың да саны көп. Барлық оқушыларымыз бен ата-аналарымызды Білім күні мерекесімен құттықтаймыз.

 

 

Толығырақ