Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Ashyq MIC" жобасы

     2020 jylǵy 10 qańtar kúnі gımnazııamyzdaǵy "Ashyq MIC" jobasynyń 3 maýsymynyń alǵashqy sany kórermenge qaıta jol tartty. Bul joly bіzde qonaqta mektebіmіzdіń 2013-jylǵy túlegі stsenarıst, jaıdarmanshy, Irına Kaıratovna sketch shoýynyń beldі múshesі Aldııar Japarhanov boldy.
⠀    Aldııarmen júrgіzgen suhbat barysynda onyń shyǵarmashylyǵy men mektep qabyrǵasynda oqyp júrgende jetken jetіstіkterі tіlge tıek etіlіp, basynan keshken qyzyq oqıǵalary keńіnen tarqatylyp aıtyldy.
___________________________________
      2020 жылғы 10 қаңтар күні гимназиямыздағы "Ashyq MIC" жобасының 3 маусымының алғашқы саны көрерменге қайта жол тартты. Бұл жолы бізде қонақта мектебіміздің 2013-жылғы түлегі сценарист, жайдарманшы, Ирина Кайратовна скетч шоуының белді мүшесі Алдияр Жапарханов болды.
⠀    Алдиярмен жүргізген сұхбат барысында оның шығармашылығы мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде жеткен жетістіктері тілге тиек етіліп, басынан кешкен қызық оқиғалары кеңінен тарқатылып айтылды.

Толығырақ

"Жас ұлан" ұйымы: Тәуелсіздік жолында" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 1969 жылдың соңында, мектеп-интернатымыздың ұлттық мұрат-мүддені көксеген бір топ оқушысы "Жас ұлан" ұйымын құрған болатын. Отаршылдыққа қарсы күрескен ұйым белсенділері ақыры жазалауға ұшырап мектептен және комсомол қатарынан шығарылған.
⠀Ұйым жетекшісі Арман Қани және ұйым белсенділері сындарлы шақта өздерін ер азаматтарша ұстады.
⠀Міне, биыл "Жас ұлан" ұйымының құрылғанына тура 50 жыл толып отыр. Осыған орай өткізілген "Жас ұлан" ұйымы: Тәуелсіздік жолында" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында мектебімізде патриоттық әндерді орындаушы әнші оқушылардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
⠀Шараға бірнеше мектептен қатысқан өнерпаз оқушылар білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Толығырақ

Тәуелсіздік күні

     Táýelsіzdіk kúnіne oraı, gımnazııamyzda bіrqatar іs-sharalar bastaý aldy. Aldymen ár synyp tárbıeshіlerі oqýshylarymen tárbıe saǵattaryn ótkіzse, keıіn májіlіs zalynda ustazdarymyzdyń qatysýymen merekelіk kesh uıymdastyryldy. Aıta ketelіk, bul keshte jeltoqsan alańynda eldіń bolashaǵy úshіn bas kótergen bozdaqtardyń esіmderі ulyqtalyp, bіr mınýttіk úzіlіs jarııalandy. Sondaı-aq J.Aımaýytov atyndaǵy qazaq mýzykaly drama teatrynyń ártіsі Beıbіt Shánіp kelіp, Muhtar Shahanov aqyn aǵamyzdyń ádemі týyndysynan tartý ettі.
__________________________________
     Тәуелсіздік күніне орай, гимназиямызда бірқатар іс-шаралар бастау алды. Алдымен әр сынып тәрбиешілері оқушыларымен тәрбие сағаттарын өткізсе, кейін мәжіліс залында ұстаздарымыздың қатысуымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Айта кетелік, бұл кеште желтоқсан алаңында елдің болашағы үшін бас көтерген боздақтардың есімдері ұлықталып, бір минуттік үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртісі Бейбіт Шәнім келіп, Мұхтар Шаханов ақын ағамыздың әдемі туындысынан тарту етті.

Толығырақ

"Тәуелсіздік тұғырым" челленджі

Қасиетті қара шаңырақ Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға облыстық қазақ гимназия интернаты "Тәуелсіздік тұғырым" челленджін "Жас дарын" мамандандырылған мектебінен қабыл алып, білім инновация лицейіне жолдайды.
---
Тәуелсіздігіміздің көк туы желбірей берсін...

Толығырақ

"Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" қабылдау рәсімі

Búgіn, Tuńǵysh prezıdent kúnі qarsanynda gımnazııamyzda "Bіryńǵaı "Jas ulan" balalar men jasóspіrіmder uıymyna" qabyldaý rásіmі óttі. "Jas ulan" qataryna qabyldaý mektebіmіzdіń bedeldі ustazdary, mektepіshіlіk ata-analar komıtetіnіń tóraıymy jáne mektep úzdіkterіne berіldі. Jalpy 5 synyp oqýshylary, 93 oqýshy uıym qataryna qabyldandy.
________________________________________
Бүгін, Тұңғыш президент күні қарсанында гимназиямызда "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" қабылдау рәсімі өтті. "Жас ұлан" қатарына қабылдау мектебіміздің беделді ұстаздары, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы және мектеп үздіктеріне берілді. Жалпы 5 сынып оқушыларынан, 93 оқушы ұйым қатарына қабылданды.

Толығырақ

Дарындыға дархан жол

      Талапты да талантты оқушыларды қолдау, әрі олардың нәтижелі жетістіктерін көрегендікпен бағалай білу арқылы оқушылардың бойындағы қабілеттерін одан әрі дамытуға болады. Осыған сәйкес гимназиямыздың облыстық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларының жеңімпаздары Ертiс Cinema кинотеатрына қазақстандық комедия "Бизнес по казахский в Африке" фильмын көруге барды.
      Айта кетелік, оқушылардың бос уақытын қамтып, демалыс ұйымдастыру идеясын мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті де қолдады.
      Дарынды жастардың жан-жақты жетілуімен қатар олардың демалыс уақытын да тиімді ұйымдастыру үлкен жетістікке жеткізеді. Оқушылар шын мәнінде демалып, бойларына жаңа энергия жинап қайтты.

Толығырақ

Елбасы жолдауы-жастарға жігер сыйлады.

Elbasymyz N.Á.Nazarbaev kúnі búgіn ǵana xalqymyzǵa arnaǵan dástúrlі Joldaýyn arnady.
Elbasymyz 2019 jyldy "Jastar jyly" dep atap, jan-jaqty áleýmettіk qoldaýdy usyndy. Bul bastama qazaqstandyq árbіr jastyń kóńіlіne qýanysh uıalatty.
__________________________________
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев күні бүгін ғана xалқымызға арнаған дәстүрлі Жолдауын арнады.
Елбасымыз 2019 жылды "Жастар жылы" деп атап, жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты.

Толығырақ

Республикалық "Әбіш оқулары" байқауы

    2018 жылдың 11-14 сәуірі аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өткен  заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған 8-11-сынып оқушылары арасында  республикалық  Әбіш оқулары  байқауында    Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бағыты бойынша оқушыларымыз ІІІ орын жеңімпазы атанды.  Ақтау қаласына барып, республикалық байқаудың жүлдегерлері болып оралған сайыпқыран, өнерлі де өрелі жеңімпаз оқушыларымызды  жеңістерімен құттықтаймыз.  Рухты, жігерлі, білімді ұрпақтары бар да Әбіш Кекілбай туындылары туған халқымен жасай беретіні анық.

Толығырақ

"Әлемді өзгертетін идеялар" атты КТА ойыны

Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен "Әлемді өзгертетін идеялар" атты КТА ойынында гимназиямыздың өрендерінен құралған "Алтынсарин балалары" КВН командасы І орынға қол жеткізіп, жеңімпаз атанды! Қатысқан оқушыларымыз бен дайындаған ұстаздарымызға зор алғысымызды білдіреміз! Алтынсарин гимназиясының жалауы биікте желбірей бергей!

Толығырақ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына – 20 жыл» тақырыбында конференция-сабақ

     2018 жылы  14 наурызда 9,10,11-сынып оқушыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына – 20 жыл» тақырыбында конференция-сабақ өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы слайд арқылы таныстырылды. «Сыбайлас жемқорлық  дегеніміз не? Онымен күрес қағидалары» атты презентация, «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тақырыбында әлеуметтік ролик көрсетілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы» атты баяндама тыңдалды әрі талқыланды. «Конверт сұрақ»  әдісі бойынша әр сыныптан бір оқушы ортаға шығып, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды.

Толығырақ