Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында гимназиямыздың 5-сынып оқушылары Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.

Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсіміне қатысқан мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп Жас Ұландықтарды оқуда озат болуға шақырды.

Ұйым қатарына жаңадан қабылданған оқушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, еңбекте адал болуға ант беріп, рәсім жасады.

Айта кетейік, аталған ұйым жасөспірім оқушыларды жоғары рухани адамгершілікке, өз елін, өз отанын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейді.

Толығырақ

Болашаққа бастар жол

Бүгін 6-8 сынып оқушыларымен бірге  "Болашаққа бастар жол" деректі фильмі қаралды. 

Толығырақ

“Tales Wonderland”, “Spelling Bee” & “English Speech” марафоны

Қараша айының 5-11 күндері аралығында ағылшын тілі пәнінен гимназия оқушыларына қызықты іс - шаралар өткізілді.
5-6 сыныптары үшін Telegram каналы арқылы “Tales Wonderland” оқушыларға арналған ағылшын тіліндегі ертегілер марафоны өткізілді. Күнделікті әр түрлі қызықты ертегілер мен тапсырмалар оқушылардың көңілдерінен шықты.

Ал 7-8 сынып оқушыларына Telegram каналында көркем фильмдер ұсынылды. Қазіргі заманғы фильмдер ағылшын тілінде өз көрермендерін тапты.
9-10 оқушыларына “Spelling Bee” & “English Speech” марафоны өтті.

Оқушылардың жетістіктерін шағын видеода көре аласыздар! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!

Толығырақ

Ұстаздың балаға, баланың ұстазға деген мейірімі

Өздеріңіз білетіндей елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқу жүйесіне көшкен болатынбыз. ⠀Содан бері жас өрендеріміз бен ұстаздарымызды гимназиямыздың тыныс-тіршілігі сағындыртқаны рас. ⠀Ұстаздың балаға, баланың ұстазға деген мейірімін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ал, ата-ананың мектепке деген жаңашырлығы тіпті бөлек. ⠀Осы ретте мектеп директоры мен ұстаздарымыз және ата-аналарымыз ұлттық киімдерін киіп, бір-біріне деген жылы лебіздерін тамаша жыр жолдарымен жеткізуде.

Толығырақ

Ерілкке тағзым

    Жыр мүшәйрасына деген қызығушылығын танытып қалам сілтеген жас ақындарымыздың Ұлы Жеңіске арнаған жырларының қатары әлі сейілер емес.

Толығырақ

"Ерлікке тағзым " атты жыр додасы

     Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мектепішілік "Ерлікке тағзым " атты жыр додасы жалғасуда. Жас ақындарымыз бабалардың ерлігіне тағзым етіп, алғыстарын жыр шумақтарымен жеткізуде.

Толығырақ

Абай атамыздың 175 жылдығына орай 7-сынып оқушылары арасындағы дөңгелек үстел

     Абай Құнанбайұлының поэзиясының ауқымын кеңінен тарқатып зерделеу оңай шаруа емес. Абайдың әрі лирикалық, әрі философиялық өлеңдерін оқи отыра әлемге жаңаша көзбен қарауды үйренеміз. Келешек ұрпақты білім мен ғылымға жақын қылып өсіруде тәрбиені қатар бойларына сіңіру ұстаздық борышымыз екенін де сезінеміз. Осы тұрғыда Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шара барысында ұлы ақынның қара сөздерінің мән мағынасын ашып тағылымға толы ойларының басты идеясына тоқталып 7-сынып оқушылары дөңгелек үстелде өз білімдерін ортаға салды.
      Абайдың сыршылдығы мен сыншылдығын тану үшін де осындай игі шараларды өткізуді жөн санап, мектеп ішінде әр аптаның сәрсенбісінде Абай (Ибраhим) атамыздың сыр сандығынан ақыл парасат дейтұғын баға жетпес байлықты ақтарып, оқушыларымызбен бөлісудеміз. Біз Абайды тану арқылы, әлемді танитынымызды ұмытпайық.


Өз тілшіміз

Толығырақ

"Жеңіс метрономы" эстафетасы

     Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат. Ұлы жеңісті дәріптеп, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларды әспеттеу борышымыз. Бүгінгі ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектебімізде Ұлы Жеңістін 75 жылдығына арналып іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар батыр бабаларымызға арналып шығарылған жыр жолдарын жолдап, жеңіс әнін шырқап бейбіт елдің ұландары екендіктерін мақтанышпен жеткізді.
     Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатынан "Жеңіс метрономы" эстафетасын қабыл алып, мамандандырылған әскери-мектеп интернатына жолдаймыз.

Өз тілшіміз

Толығырақ

"Жас Ұлан" ұйымы ұйымдастырған "Зерде" зияткерлік сайысы

     Оқушылардың салт-дәстүр бойынша білім қабілеттерін тексеру, тапқырлық қасиетін дамыту мақсатында "Жас Ұлан" ұйымы 7-сынып оқушылары арасында "Зерде" зияткерлік сайысын ұйымдастырды. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Оқушылар үш топқа бөліну арқылы ұлттық дәстүр мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып ұпай жинады. Түрлі наным-сенімдердің, қазақи ырымдардың маңыздылығына тоқталып, тек дәстүрімізге сай ырымдарды сақтап жүру абзал екендігін айтты. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Толығырақ

Еріктілер жылы

     Prezıdentіmіz Qasym-Jomart Toqaev óz joldaýynda aıtqandaı 2020-jyl "Erіktіler jyly" dep jarııalandy. Álem halqynyń 970 mıllıony volonter bolsa, onyń іshіnde árbіr segіzіnshі qazaqstandyq erіktіler qataryn tolyqtyrýda. Bul degen erіktіlerdіń sany artyp kele jatqandyǵynyń dálelі.
⠀     Osyǵan sáıkes mektebіmіzdegі "Jas Ulan" uıymynyń belsendіlerі qala turǵyndarynan bіrqatar suraqtar qoıý arqyly saýalnama júrgіzіp kórdі. Tolyǵyraq beınematerıaldan kóresіzder.
_______________________________________
      Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтқандай 2020-жыл "Еріктілер жылы" деп жарияланды. Әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда. Бұл деген еріктілердің саны артып келе жатқандығының дәлелі.⠀
     Осыған сәйкес мектебіміздегі "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері қала тұрғындарынан бірқатар сұрақтар қою арқылы сауалнама жүргізіп көрді. Толығырақ бейнематериалдан көресіздер.

Толығырақ