конференц-зал
Ыңғайлы орын, жаңа жабдықтар осының бәрін енді біздің конференц-залдан көре аласыздар.
Ы. Алтынсариннің ұлт ұстазы бейнеленген мурал салынды
Ғұмырын халық ағарту ісіне, бала оқытуға арнаған ұлт педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай гимназиямызда ұлт ұстазы бейнеленген мурал салынды.
⠀
Ұлы ағартушы атын алған мектебімізде алғашқы ұстаздың суреті тұрғаны мұғалімдеріміз бен оқушыларымызға шабыт сыйлайтындай.
⠀
Енді балаларымыз күн сайын ұлт ұстазының суретін көріп, асыл сөздерін көңілге тоқитын болады деген сенімдеміз.
«Абай жолы» атты балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық онлайн байқау
Бәрекелді!
⠀
Алматы қаласы мәдениет басқармасының бастамасымен басқармаға қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры 10 тамыз күні - Абай күніне орай «Абай жолы» атты балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық онлайн байқау жариялаған болатын.
⠀
Байқау ережесі бойынша әр қатысушы Абай Құнанбайұлына қатысты локацияда ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуы тиіс.
⠀
Гимназиямыздан Асығатұлы Шыңғыс қаламыздың орталық алаңында бой көтерген Абай ескерткішінің жанында «Сегіз аяқ» өлеңін мәнерлеп жатқа айтып, жүлделі 1-орынды иеленді.
Видеосы: Инстаграм парақшадан
⠀
Қаржылай сыйақы 200 мың теңге.
OnlineMektep: "Ең белсенді ұстаздар"
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша Bilimland компаниясы Onlinemektep платформасын белсенді пайдаланған Павлодар облысының үздік мұғалімдерін марапаттады.
