Ы. Алтынсариннің ұлт ұстазы бейнеленген мурал салынды
Ғұмырын халық ағарту ісіне, бала оқытуға арнаған ұлт педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай гимназиямызда ұлт ұстазы бейнеленген мурал салынды.
⠀
Ұлы ағартушы атын алған мектебімізде алғашқы ұстаздың суреті тұрғаны мұғалімдеріміз бен оқушыларымызға шабыт сыйлайтындай.
⠀
Енді балаларымыз күн сайын ұлт ұстазының суретін көріп, асыл сөздерін көңілге тоқитын болады деген сенімдеміз.
