Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы
2022 жылғы 16 наурыз күні мектеп ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын тыңдады.
«Армысың, әз Наурыз» атты оқушылар айтысы
Облыстық наурыз мейрамы күніне орай ұйымдастырылған «Армысың, әз Наурыз» атты оқушылар айтысының бас жүлдесі Асығатұлы Шыңғысқа бұйырды.
Miss Altynsarin - 2022
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
⠀
Сіздерге ұзақ үзілістен кейін дәстүрлі «Miss Altynsarin» арулар байқауының 3-маусымы өз жалғасын табатыны туралы хабарлаймыз!
⠀
Байқауға 8-11 сынып аралығындағы аруларымыз қатысады.
«Коллаборативті орта - табысты менеджмент факторы» тақырыбындағы семинар
Бүгін гимназиямызда өзара әрекеттестік және кәсіби қолдау жоспары аясында Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлескен «Коллаборативті орта - табысты менеджмент факторы» тақырыбында Ақтоғай ауданы мектеп басшыларына арналған семинар өтті.
Қазақ поэзиясының Құлагері
Бүгін Абай гимназиясында «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған Ілияс Жансүгіровтің шығармасы мен еңбек жолына арналған әдеби сайыс өтті. Сайысқа қала, ауданнан жиналған 42 оқушы қатысты.
Елбасы медалі
Бүгін гимназиямызда «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегерлері марапатталды. Олар 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді.
First Kazakhstan- 2022
Алматыда оқушылар арасында робототехникадан «First Kazakhstan- 2022» халықаралық чемпионатының ұлттық финалы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 900-ге жуық оқушы қатысты.
Гимназияның 60 жылдығына орай волейболдан облыстық турнир
Бүгін гимназиямыздың 60 жылдық мерейтойына арналған облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беретін мектептер арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. Қатысушылар: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Абай гимназиясы, М.Әлімбаев жалпы орта мектебі, №21жалпы орта мектебі, №35 жалпы орта мектебі.
