«Коллаборативті орта - табысты менеджмент факторы» тақырыбындағы семинар
Бүгін гимназиямызда өзара әрекеттестік және кәсіби қолдау жоспары аясында Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлескен «Коллаборативті орта - табысты менеджмент факторы» тақырыбында Ақтоғай ауданы мектеп басшыларына арналған семинар өтті.
Семинарға Ақтоғай аудандық білім беру бөліміне қарасты 20 мектеп директорлары қатысты.
Келген мектеп басшыларына заманауи білім беру және білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша, менеджменттегі өзекті сұрақтар қарастырылып, ақпараттық- әдістемелік қолдау көрсетілді.
Семинар 4 бөлімнен тұрды.
Олар: «Алтынсарин гимназиясы - заманауи мектеп үлгісі» спикер, мектеп директоры Қалдыбаев Шоқан Түймебайұлы, «Карантиннен кейінгі кезеңдегі мектепті басқарудың өзекті мәселелері» спикер, инновациялық орталығының әдіскері Сулейман Роза Темиргалиевна, ал 3-4 бөлімде «Мектепті дамыту жоспары - мектеп миссиясы мен стратегиясын анықтайтын маңызды құжат» тақырыбында директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары Камалова Нұргүл Ерғалымқызы даму стратегиялары бойынша мәселелерді семинарға қатысушылармен топтық жұмыста талқылады.