Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

І тоқсан қорытындысы бойынша мектепішілік жиналыс

     Qurmettі ata-analar jáne muǵalіmder! Qazan aıynyń 25-і kúnі saǵat 13:00-de I toqsan qorytyndysy boıynsha mektepіshіlіk jınalys ótetіnіn habarlaımyz. Munda oqýshylarymyzdyń oqý úlgerіmі men tárbıesі jónіnde áńgіmelesý júrgіzіletіn bolady. Sondaı-aq kelesі toqsanda atqarylatyn bіrqatar josparlarmen tanysasyzdar.
___________________________________
     Құрметті ата-аналар және мұғалімдер! Қазан айының 25-і күні сағат 13:00-де І тоқсан қорытындысы бойынша мектепішілік жиналыс өтетінін хабарлаймыз. Мұнда оқушыларымыздың оқу үлгерімі мен тәрбиесі жөнінде әңгімелесу жүргізілетін болады. Сондай-ақ келесі тоқсанда атқарылатын бірқатар жоспарлармен танысасыздар.

Толығырақ

Ата-аналар комитеті төрайымдарының назарына

Ata-analar komıtetі tóraıymdarynyń nazaryna
_______________________________________
Ата-аналар комитеті төрайымдарының назарына:
12 қазан сағат 12:00-де ата-аналар комитетінің жиналысы өтеді.

Толығырақ

2019-2020 оқу жылына 5 сыныптарға қабылдау емтиханының қорытындысы

18.05.2019 ж. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатына 5 сыныпқа қабылдау емтиханының нәтижесі белгілі болды.

Толығырақ

2019-2020 оқу жылына 5 сыныпқа оқушыларды қабылдау

4 сәуір - 10 мамыр өтініш пен құжаттар қабылдау.

  • Талапкердің ата-анасының/заңды өкілінің өтініші;
  • Үміткердің туу туралы паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі;
  • Оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бектілген талапкердің сертификаты, дипломдарының көшірмелері;
  • Үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.

Қабылдау емтиханы 18 мамырда өткізіледі келесі пәндер бойынша:

  • Қазақ тілі - 20 сұрақ;
  • Математика - 20 сұрақ;
  • Математикалық логика - 20 сұрақ.

19 мамыр емтихан нәтижесі мектептің арнайы стендінде, мектеп сайтында, фейсбук және инстаграм парақшасында орналастырылады.

 


 

 

Өтініштер мен құжаттарды электронды түрде қабылдау бөлмесінде немесе ЭЦП-мен бірге mektep.smart-pavlodar.kz сайтына кіріп, жіберуге болады.

Толығырақ

"Толағай" отбасылар сайысы

"Tolaǵaı" otbаsylar saıysy - elіmіzdegі otbasylardyń atsalysýymen ótetіn tárbıelіk mańyzy zor oıyn-saýyqty baǵdarlama. Osyndaı baǵdarlama búgіnde bіzdіń mektebіmіzdіń 5-synyp oqýshylary men súıіktі de belsendі ata-analarynyń arasynda uıymdastyryldy. Túrlі estafetalyq oıyndar oınatylyp, berіlgen kedergіlerden ótý arqyly ata-analar jeńіs tuǵyryna umtyldy. Sondaı-aq "Arqan tartys" ulttyq oıyny erekshe tartyspen óttі. Balalar men ata-analarǵa sporttyq oıyndardy oryndata otyryp, sportqa degen qyzyǵýshylyqtaryn arttyrý maqsatynda uıymdastyrylǵan saıys joǵary dárejede ótkіzіldі. Saıys sońynda barsha qatysýshy ata-analar men oqýshylar arnaıy dıplomdarmen marapattaldy.
___________________
"Толағай" отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 5-сынып оқушылары мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында ұйымдастырылды. Түрлі эстафеталық ойындар ойнатылып, берілген кедергілерден өту арқылы ата-аналар жеңіс тұғырына ұмтылды. Сондай-ақ "Арқан тартыс" ұлттық ойыны ерекше тартыспен өтті. Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс жоғары дәрежеде өткізілді. Сайыс соңында барша қатысушы ата-аналар мен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Толығырақ

Дарындыға дархан жол

      Талапты да талантты оқушыларды қолдау, әрі олардың нәтижелі жетістіктерін көрегендікпен бағалай білу арқылы оқушылардың бойындағы қабілеттерін одан әрі дамытуға болады. Осыған сәйкес гимназиямыздың облыстық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларының жеңімпаздары Ертiс Cinema кинотеатрына қазақстандық комедия "Бизнес по казахский в Африке" фильмын көруге барды.
      Айта кетелік, оқушылардың бос уақытын қамтып, демалыс ұйымдастыру идеясын мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті де қолдады.
      Дарынды жастардың жан-жақты жетілуімен қатар олардың демалыс уақытын да тиімді ұйымдастыру үлкен жетістікке жеткізеді. Оқушылар шын мәнінде демалып, бойларына жаңа энергия жинап қайтты.

Толығырақ

Жалпы ата-аналар жиналысы

     27.10.2018 ж. күні гимназиямызда мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста төмендегі тақырыптар қызу талқыланды:

  • "Жаңартылған оқу бағдарламасының өзектілігі мен ерекшелігі"
  • Күнделік KZ туралы ақпарат.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуы, балалардың бос уақытын қамту.
  • Мектепішілік әр түрлі мәселелер.

     Себебі аталған тақырыптар қазіргі кездегі оқу үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Кейін әрбір ата-ана пән мұғалімдеріне жолығып өз баласының тоқсандық бағасымен оқу үлгерімі жайлы толықтай ақпарат алды.

Толығырақ

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол

     Бүгін қазанның 14 жұлдызында 10:00-де мектебімізде "ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол" республикалық ата-аналар конференциясы өткізілген болатын.

     Концеренцияға гимназиямыздың 8-9 сынып оқушыларының ата-аналары келіп қатысты. Конференция бағдарламасы 8 тақырыпқа сүйеніп жасалды. Ата-аналарға сауалнамалар таратылып, псиxолог-педагогтардың ақыл-кеңестері берілді

     Құрметті ата-аналар! Сіздерге және балаларыңызға барлық істеріңізде табыс тілейміз!

Толығырақ

Ұстаздар мерекесі

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
________________________________
Құрметті ата-аналар, оқырмандар!


Біз бүгін Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатымыздың ұстаздар қауымын алда келе жатқан ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтап жұмыстарына жеміс, шәкірттеріне толағай табыстар тілегіміз келеді.
___________________________
Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам-МҰҒАЛІМ.
______________________________
Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!

Толығырақ

XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол

Армысыздар құрметті оқырман қауым, бүгін қыркүйектің 22 жұлдызында сағат 10:00-де мектебімізде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол» республикалық ата-аналар конференциясы өткізілген болатын. Конференцияға 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналыры

Толығырақ