Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Үйден шықпаңыз

Қымбатты оқушылар!
      Міне, 4-тоқсанның алғашқы аптасы да аяқталды. Ұстаздарыңызбен қашықтықта жұмыс жасау арқылы үлкен тәжірибе жинаудасыздар.
       Қолжетімді бағдарламаларды пайдалану арқылы да өздігінен білім алуға бейімделудесіздер. Әрине мұндай тәжірибе келешекте үлкен пайдасын тигізбек.
       Қашықтықтан оқыту - бұл білім беру жүйесінің жаңа беталысы болмақ.
       Яғни, сіздер өздігінен жұмыс жасау арқылы білімдеріңізге анализ жасап, еңбек ету дағдысын қалыптастырудасыздар.
       Цифрлық құзыреттіліктеріңіз артып, тағы бір жаңа белеске қадам бастыңыздар.

Толығырақ

Қашықтықтан оқыту форматы

      Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
⠀     Еліміздегі төтенше жағдайды ескере отырып гимназиямыз да төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазіргі таңда балалар көктемгі демалыстарын тиімді өткізіп жатыр деген сенімдемін. Ал гимназиямыздың ұстаздары болса, балаларды жаңаша оқытуға өздерінің цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауда.
⠀     Білім ордасында қашықтықтан оқыту бойынша жедел желі жұмысын бастады. Барлық сұрақтарыңызға осы нөмірлер арқылы жауап алуларыңызға болады.

 



⠀     Қымбатты оқушылар!
⠀     Қашықтықтан оқыту форматы өздерің үшін алғашқы тәжірибе болғалы тұр. Сондықтан қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын түсіндіре кеткенді жөн санадым. Біздің ұстаздар қашықтықтан оқыту барысында әлемдегі және еліміздегі озық платформаларды қолданылатын болады. Педагогтар оқыту процесін Kundelik.kz, Zoom, bilimland, google, classroom, edmodo секілді ресурстар арқылы жүргізеді. Бекітілген сабақ кестесін kundelik.kz бағдарламасынан көре аласыздар.
      Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілеймін.

Толығырақ

Қашықтықтан оқыту

Құрметті ата-аналар және білім алушылар! ⠀
Егер қашықтықтан оқыту бойынша сұрақтар туындаған жағдайда CАLL орталық нөміріне SMS - хабарлама қалдырып, немесе тікелей хабарласып ақпарат ала аласыздар.
Телефон: +7 747 714 38 90
Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ
09:00 - 18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

Толығырақ

СНЮС

2019 ж. 13 ақпанында  "Аlmaz Medical Group" ЖШС дәрігері Аипов Кайсар Болатбековичпен "СНЮС" дәрісі туралы семинар сабақ өткзілді. Дәрілердің әсері туралы сұхбат жүргізілді, оқушылардың пікірлері тыңдалды. Сынып жетекшілерімен ақпарат жұмысы жүргізілді.

Толығырақ

Коронавирус

      10.02.2020 ж. сынып жетекшілеріне арналған "Коронавирус" туралы денсаулық сабағы болды. Семинарды мектеп медбикесі өткізді. Дерттің таралу жолдары, алдын-алу шаралары туралы ақпарат парақтары таратылды.

Толығырақ

Түлектер форумы

     Қасиетті қара шаңырақ өз ұландарын алғаш рет өткізілетін түлектер форумына шақырады.

     Сіздерді 25 қаңтар күні алтын ұя мектебімізде күтеміз.

     Сан жылдық тарихы бар ордамыздың болашағын бірге қалайық.

     Қатысушылар көрсетілген нөмірге 87053423373 ватсап арқылы хабарласып тіркелулері қажет

Толығырақ

"Отбасы күні"

     Balalar men ata-analarǵa sporttyq oıyndardy oınata otyryp olardyń sportqa degen qyzyǵýshylyqtaryn arttyryp, mektep pen ata-ana arasynda baılanysty nyǵaıtýdy bıylǵy oqý jylynda basty nazarǵa alyp otyrmyz.

     Ol úshіn bіz aptanyń ár senbіsіn "Otbasy kúnі" qylyp atap oqýshy men ata-analarymyzdy jumyldyrtyp sporttyq saıystardy nemese túrlі іs-sharalardy ótkіzetіn bolamyz.

     Bіrіnshі bolyp 11-synyp oqýshylary men ata-analary jıylyp, sporttyq saıysqa qatysyp atsalysty. Ata-analarymyz bundaı otbasylyq sharalar óte qajet dep sanap otyr. Árıne bіz bul sózben tolyqtaı kelіsemіz. Álі alda ár synyp ata-analarymen júzdesіp otbasylyq saıystardy uıymdastyratyn bolamyz.
____________________________


     Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды ойната отырып олардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, мектеп пен ата-ана арасында байланысты нығайтуды биылғы оқу жылында басты назарға алып отырмыз.

     Ол үшін біз аптаның әр сенбісін "Отбасы күні" қылып атап оқушы мен ата-аналарымызды жұмылдыртып спорттық сайыстарды немесе түрлі іс-шараларды өткізетін боламыз.

     Бірінші болып 11-сынып оқушылары мен ата-аналары жиылып, спорттық сайысқа қатысып атсалысты. Ата-аналарымыз бұндай отбасылық шаралар өте қажет деп санап отыр. Әрине біз бұл сөзбен толықтай келісеміз. Әлі алда әр сынып ата-аналарымен жүздесіп отбасылық сайыстарды ұйымдастыратын боламыз.

Толығырақ

l тоқсанының қорытындысы

     2019 jylǵy 25 qazan kúnі gımnazııamyzda bıylǵy oqý jylynyń l toqsanynyń qorytyndysy retіnde 5-11-synyp oqýshylarynyń ata-analarymen jınalys óttі. Ár ata-ana ózіnіń balasynyń oqý úlgerіmі týraly mektep ustazdarynan xabar alyp, toqsandyq baǵalarymen tanysty.
⠀    Mektep úshіn ár otbasynyń bala tárbıesіne belsene qatysýynyń mańyzy aıryqsha zor. Balanyń jaqsy ádetterdі boıyna sіńіrіp ósý joldaryn ata-analarmen bіrlese qarastyrý-erteńgі kúnі úlken jetіstіkterge jetkіzerі sózsіz.
_________________________________________
     2019 жылғы 25 қазан күні гимназиямызда биылғы оқу жылының l тоқсанының қорытындысы ретінде 5-11-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Әр ата-ана өзінің баласының оқу үлгерімі туралы мектеп ұстаздарынан xабар алып, тоқсандық бағаларымен танысты.
⠀    Мектеп үшін әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызы айрықша зор. Баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру-ертеңгі күні үлкен жетістіктерге жеткізері сөзсіз.
Толығырақ