1. Бүйелер екі жарым жыл қоректенбестен өмір сүре алады.
2. Макак-резус деп аталатын маймыл тұқымдастарға биологиялық зерттеулер жүргізгенде «резус-фактор» деген ұғым пайда болды.
3. Інжулер сірке суында ериді.
4. 1971 жылы Жапонияның Исигаки аралында болған биіктігі 85 метрге жеткен толқын – дүние жүзіндегі ең үлкен толқын болып табылады.
5. 1 кг лимонда 1 кг құлпынайдан да артық шекер бар.
6. Эйфель мұнарасының төбесіне шығу үшін 1792 баспалдақтан өту керек.
7. Польшаның астанасы – Варшава қаласын «Шығыс Париж» деп те атайды. Бұл Еуропаның ең әдемі қалаларының бірі.
8. Ішектерімізде 400 ден аса бактериялар бар. Бұл бактериялардың ішектеріміздегі саны жасушаларымыздың санынан да көп.
9. Эдисон электр шамына қажетті материалды табуы үшін 3000 рет тәжірибе жасаған.
10. Шалғынды қасқырлардың (койот) ең сүйікті тағамы – қауын.
11. Темекінің құрамындағы шайырлы (смола) затқа жасалған тәжірибенің нәтижесінде тышқанның арқасына жағылған жерден қатерлі ісік пайда болған.
12. Әлемдегі ең биік сарқырама – Анхель сарқырамасы тек қана ХХ ғ. ашылған. 1935 жылы сарқырамадан ұшып өткен Эйнджел Джеймс (ағылш. Ангел) ұшқыш атымен аталған.
13. Ресейдің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр. Бұл алқап Түркияның жер көлеміне тең.
14. Гавай әліппесінде 12 әріп бар.
15. Футболшы бір ойында шамамен 11 шақырым жүгіреді.
16. Ал ұзын кенгуру бір секіргенде он метрді артқа тастайтын көрінеді.
17. Қазіргі кезде өзіміз қолданып жүрген қаламсап 1945 жылдан бастап саудаға түсіпті. Сол кезде оның құны - 12 АҚШ долларына тең келіпті.
18. Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге дейін жазуға болады екен.
19. Америкалық Джон Уинтроп 1630 жылдың 25 маусымында, түскі астың кезінде тұңғыш рет шанышқыны пайдаланыпты.
20. Ең алғашқы граммофон пластинкасына Лайош Кошутаның дауысы жазылыпты. Бұл оқиға 1890 жылы тіркелген.
21. Напалеонның шәй кеселерінің бірі атақты италиялық содыр Калиостроның бас сүйегінен жасалыныпты.
22. «Роллс-Ройс» көлігінің бамперіндегі мүсіншенің құны 5000 АҚШ долларына тең екен.
23. Британияның империялық тәжінде тура 1783 жақұт бар екен, ал оның ішіндегі ең әйгілісі - «Африка Жұлдызының» салмағы 309 каратты құрайды.
24. Джон Кеннедидің тербеліп тұратын креслосы аукцион арқылы 442 мың АҚШ долларына сатылыпты.
25. Ежелгі Қытайда балалары ата-анасының туған күніне табыт сыйлаған екен. Бұл ең күшті сыйлық саналыпты.
26. Ал Персияда жас жұбайлардың тойына міндетті түрде шахмат сыйлау дәстүрі болған екен.
27. Қытайдың кейбір жазу машинкаларында 5700 белгі бар. Оның клавиатурасының ені бір метрге жуықтайды, сол себепті ең шебер деген қаріп терушінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен.
28. 1 долларлық купюрадан тұратын 1 миллион доллардың салмағы шамамен 1 тоннаға тең. Ал оны бір-бірінің үстіне жинаса, биіктігі 100 метрге жуықтайды.
29. Бір текшеметр ағаштан жарты миллион тіс шұқығыш жасауға болады.
30. Хамелеонның тілі денесінен екі есеге ұзын.
31. Қолтырауындар судың түбіне тереңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен.
32.Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.
33. Бактериялардың бір пайызы ғана ауру әкеледі.
34. Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
25. Елікті аңшыларға қарағанда, көлік жүргізушілері көп өлтіреді екен.
26. Африка пілі әлі күнге дейін қолға үйретілмей келеді. Тек Үндістандағы пілдер ғана адамның ырқына бағынған.
27. Егеуқұйрық бес қабатты үйдің төбесінен құласа да аман қалады екен.
28. Түйеге қарағанда, керік шөлге шыдамды келеді.
29. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.
30. Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
31. Акула - бір мезгілде екі көзін бірдей жұма алатын жалғыз балық. Ол сондай-ақ судың 100 миллион бөлігіндегі қанның иісін сезе біледі екен.
32. Ит онға жуық, мысық жүзден астам дыбыс түрін шығара алады.
33. Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.
34. Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
35. Пошта қызметі тегін көрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет - Андорра.
36. Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен.
37. Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер арқасымен, күнәһарлар - ішімен, патшалар - оң жағымен, данышпандар - сол жағымен жатқан.
38. Бір жылда 31 557 600 секунд бар екен.
39. 100 жасқа дейін жеткен әр бес адамның төртеуі әйелдер.
40. Әр секунд сайын жердің бетінде 200-ден астам найзағай жарқылдайды.
41. Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан астам Ивановтар әулеті бар.
42. Ақысы төленетін ең ұзақ еңбек демалысы Финляндияда тіркелген. Осы елдің еңбеккерлері 9 апта бойы демалады. Одан соңғы орында немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, португалдардың еңбек демалысы 36 күнге созылады.
43. Гонконг тұрғындарының 64 пайызы дінге еш қызықпайды екен. Ал Чехия халқының 55 пайызы, оңтүстіккореялықтардың 46 пайызы атеистер көрінеді. Дінге құлай берілу жөнінен Батыс Африка тұрғындарына тең келер ешкім жоқ. Олардың 99 пайызы дінге сенеді екен.
44. БҰҰ келтірген деректерге сенсек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.
45. Әлем бойынша, күніне 4,5 миллиард тонна бензин жағылады.
46. Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.
47. Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей білмейді.
48. Грекияда дүйсенбі күні аң аулауға тыйым салынған.
49. Португалияда күн райы қолайсыз болса, жұмысқа шықпай-ақ қоюға рұқсат.
50. Швецияда ит асыраушылар өз серігінің бойының ұзын-қысқалығына қарай салық төлейді.
51. Вашингтонның мэрі - АҚШ президенті.
52. 1603 жылы Жапонияда император бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні болып белгіленді.
53. Науру - ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет.
54. Ресей мемлекетінің ең бірінші астанасы - Ладога.
55. 1979 жылдың 18 ақпанында Африкадағы Сахара шөлінде қар жауыпты.
56. Куба - Кариб аралдары елдерінің ішіндегі темір жолы бар жалғыз ел.
57. Егер Жер өз осінен кері айналған болса, онда жылдың тәулігі екі есеге азаяр еді.
58. Сағатына 60 мильдік жылдамдықпен жүретін автокөлікке бізге ең жақын орналасқан планеталардың біріне жету үшін 48 миллион жыл қажет екен.
59. Соңғы 500 жылда ғарыштық заттардың қалдықтары себебінен Жердің салмағы миллиард тоннаға ауырлаған.
60. Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен.
61. Ең алғаш «SOS» дабылы әйгілі «Титаник» кемесінде қолданылыпты.
62. Жағымды затты көргенде адамның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен.
63. Қыздарға құлаққағыс - пияз турау барысында көз ашымас үшін сағыз шайнаған жөн екен.
64. Бал асқазанда неге тез қорытылады? Өйткені оны аралар қорытып үлгерген.
65. Адам күніне орта есеппен 13 рет күлетін көрінеді.
66. Жарты кг бал алу үшін аралар 2 млн-нан аса гүлді өсімдіктер шырынын өңдеуі қажет.
67. Егер тіліңіздің түсі күлгін болса, ол «таза» деген сөз, ағарып тұрса, бактерия қабаты түзілгендігінің белгісі.
68. Адам түшкірген сайын мидағы жасушалардың бөлігі азая түседі.
69. Адамның сол жақ өкпесі оң жақтағымен салыстырғанда кішірек келеді. Соның арқасында жүрекке орын тиеді екен.
70. Әйгілі Харлей Девидсон мотоциклі 1903 жылы құрастырылып, оның карбюраторы томат банкісінен жасалыныпты.
71. Атышулы «Титаник» кемесін құрастыруға 7 миллион АҚШ доллары кеткен екен. Ал ол туралы фильмді түсіруге 200 миллион АҚШ доллары жұмсалыпты.
72. Адамның тырнағы мен шашы өлгеннен кейін де өседі екен.
73. Кез келген мұхиттан ең қашық жер - Қытай.
74. Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс.
75. Иттердің тері бездері аяқтарының астында.
76. Адамның тез өсетін тырнағы – бас бармағы, ең жай өсетін тырнағы – ортаңғы саусағы.
77. Ой еңбегімен көп шұғылданатын адамдардың шашында мырыш пен жездің құрамы көбірек болады екен.
78. Кейбір өсімдіктер ет жейді. Шықшөп өсімдігі жапырақтарына қонған шыбын-шіркейлермен қоректенеді.
79. Әлемдегі ең кәрі ағаш АҚШ-тың Калифорния штатындағы қара қарағай ағашы 4600 жаста.
80. Қар жапалақтары алтыбұрышты болып келеді. Әр жауғанда түскен миллиардтаған қар жапалақтары бір-бірлеріне ұқсамайды.
81. Ең аз жауын жауатын жер – Оңтүстік Америка мемлекеті Чилидің Атакама Шөліндегі бір өлке. Бұл жерге 1971 жылы жауған жаңбырдан бұрын 400 жыл бойы жаңбыр жаумаған.