Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

        Балалар дарындылығын практикалық тұрғыдан диагностикалау әркеттің барынша жауапты түрі болып табылады. Диагноз қоюшының пікірі, онымен баланың психикалық дамуын бағалауы баланың тәрбиеленуіне, оқуына, айналадағылармен қарым-қатынасына, өзін-өзі бағалауын зерделеуіне кері қарай қайтпайтын әсерін тигізуі мүмкін.
        Дарынды балаларды іздеу және іріктеп алу үшін көп жағдайда диагностикалаудың кезеңдік немесе баспалдақ стратегиясы пайдаланылады. Бұл жағдайда кезекті шешім қабылдау қателіктер қауіпін төмендетуге жағдай туғызады. 
         Бірінші кезеңде іріктеу дарындылықтың жан-жағын қамтитын әртүрлі бағалау әрекеттерінің, ұйымдасқан бақылаудың, сауалнама алудың көмегімен іске асады. Екінші және одан әрі кезеңдерде осыдан гөрі нақты және мамандандырылған шаралар қолдану арқылы арнайы оқыту бағдарламаларына лайықты үміткерлерді таңдап алу үдерісі жүреді.
          Дарынды балаларды барынша толық түрде анықтап алу үшін әртүрлі ынталандыру оқыту түрлерін үйымдастыру қажет. Оларға факультативтер, үйірмелер, жазғы мектептер, тәжірибелі психологтар мен мұғалімдердің басшылығымен жасалатын жобалар жатады. Бұл өзінің әлеуметтік ортасында өз қаблеттерін дамыта алмаған балалардың күш-жігерін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша ұйымдастыру кезінде іріктеу шаралары ынталандыру оқытудан кейін жүреді және бұл жерде балаларды бақылауға алған сарапшылардың пікірлері есепке алынады. 
Диагностикалау кезінде мұғалімдерден, ата-аналардан, баланың өзінен алынған ақпарат барынша көп деңгейде қолданысқа алынып, осы мәліметтердің барлығы баланың танымдық және жеке дара саласының ерекшеліктерін, оның қолда бар мүмкіндіктерін анықтауға пайдаланылады.
          Жоғарыда айтылғанды есепке ала отыра, дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін  көрсетуге болады:
 
1. Әртүрлі ақпарат көздерін пайдалануға және бала қаблеттерінің барынша көп қыр-
            сырын қамтуға мүмкіндік беретін бағалаудың кешенді түрі;
2. Сәйкестендіру ұзақтығы (белгілі бір балаға әртүрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойы
             бақылау жүргізу);
3. Баланың бейімділігіне және ынтасына толық түрде сәйкес келетін әрекет ету
            саласында оның мінез-құлығына талдау жасау (баланы арнайы ұйымдастырған
           пәндік-ойын сабақтарына жұмылдыру және т.б.);
4. Баланың психологиялық «кедергілерін» жоюға бағытталған тренинг әдістерін
            қолдану; 
5. Пән бойынша әрекет жасау саласына сәйкес (математика, филология, шахмат)
           жоғары санаттағы мамандарды және сарапшыларды жұмылдыру. Бұл жерде 
           сарапшының консерватизмі болу мүмкіндігін есепке алған дұрыс;
6. Баланың дарындылығын оның психикалық дамуы ғана емес, сонымен қатар оның
            ең жақын даму аймағын еспеке ала отыра бағалау; 
7. Нақты жағдайда баланың нақты мінез-құлығын бағалау арқылы 
            психодиагностиканың экологиялық валидтік әдістеріне сүйену. Оларға бақылау,  
             әрекетті сарапқа салу, әңгімелесу, тәжірибе жүргізу жатады. 
8. Дарынды балаларды іріктеу кезінде кешенді әдісті қолданған дұрыс. Бұл әдіске 
        балалардың мінез құлығын мұғалімдермен, ата-аналармен, тәрбиешілермен бағалау, 
        балаларды арнайы ойын және пәндік-бағдарлаушы сабақтарға енгізу жатады. Алайда кешенді әдістің өзі қателіктерге жол беруі мүмкін. Соның салдарынан дарынды бала анықталмай немесе келесі әрекет кезінде өз дарындығын дәлелдемеген балалар одан әрі «өтуі» мүмкін. 
 
Осы ұсынымдарда балалардың дарындылығын анықтайтын алғашқы диагностикалау әдістері және балалардың шығармашылық дарындылығын диагностикалау кезінде пайдалануға болатын әдістер ұсынып отырмын.