Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ.

1.  Қоғамдық тапсырмаға қалай қарайсың?

    а / Қоғамдық тапсырманы тез орындаймын,оның орындалуы жайлы  айтып берем.
    ә / Кейде қоғамдық тапсырманы орындамаймын
    б / Көп жағдайда қоғамдық тапсырманы орындамаймын,мұғалім   және ата-ана жағынан үнемі басқаруды талап етемін.
    в /  Қоғамдық тапсырманы ұнатпаймын,орындамаймын.
2.   Оқуға көз қарасың қалай?
   а /  Үнемі жауапкершілікпен қараймын.
   ә /  Кейде оқымаймын.
   б /  Көп жағдайда оқымаймын, бақылауды талап етемін
   в /  Мүлде оқымаймын,мектепке барғым келмейді
3.   Еңбекке көз қарасыңң қалай?
   а / Еңбекпен айналысқанды ұнатамын.
   ә / Тапсырғанда ғана орындаймын,кейде көмектеспеймін.
   б / Көпшілігіңде еңбекпенен айналыспаймын,бақылауды талап  етемін
   в /  Еңбекпен айналысудаң бас тартамын,жалқаумын
4.   Борыш пен жауапкершілікке қалай қарайсың?
   а / Түсінемін
   ә / Түсінемін,кейде үлкендердің айтуымен түсінемін
   б / Көпшілігіңде борыш пен жауапкершіліктен бас тартамын
   в / Түсінбеймін
5.   Мектепте және үйде мінез-құлқың қандай?
   а / Жақсы
   ә / Жақсы, кейде ұсақ кемшіліктер болады, ескертуді дұрыс түсінемін
   б / Көп жағдайда өзімді нашар ұстаймын, ескертуді қабылдамаймын
   в / Бар уақытта мінезім нашар
6.   Ұжымшылдық және жолдастықты қалай түсінесің?
   а / Өз сыныбымды, мектебімді жақсы көремін,абыройым іспен  қорғаймын, олар  туралы жанұяма айтамын. Жолдастықты жақсы бағалаймын
   ә / Сыныбымды, мектебімді жақсы көремін, кейде оны ісіменен  қорғаймын. Жолдастықты  кейде бағаламаймын
   б / Сынып, мектеп абройына ,жолдастыққа немқұрайлы қарамаймын
   в / Сынып, мектебімді, жолдастықты жақсы көрмеймін, оны ашық айтамын
7.   Шыншылдық пен адалдықты қалай түсінесің?
   а / Әр уақытта шыншылмын,адалмын.
   ә / Шыншылдықты,адалдықты бағалаймын,кейде кемшіліктер кездеседі.
   б /  Көп жағдайда шыншылдықты ,адалдықты бағалаймын.
   в /  Бар уақытта бағаламаймын.
8.    Мейрімділік, ізгіниеттілікке қалай қарайсың?
   а / Мейірімділікке, ізгіниеттілікке, басқаларға көмектесуге ылғи да  тырысамын.
   ә / Мейрімділікпен, ізгіниеттілікпен, басқаларға көмектесуге тырысамын, бірақ кейде кемшіліктер кездеседі.
   б / Көп жағдайда жоғарыдағы аталған қасиеттер бойымда  болмайды, қатыгездік, ниетсіздік байқалады.
   в /  Мейрімділік, ізгіниеттілік бойымда жоқ.
9.     Қарапайымдылықты қалай түсінесің?
   а / Әр уақытта қарапайыммың.
   ә / Әр уақытта қарапайыммың  кейде мақтаншақтық өркөкіректік қасиеттер кездеседі.
   б / Көп жағдайда қарапайымдылықтан ауытқимын,мақтаншақтық өркөкіректік басым.
   в / Мақтаншақ, өркөкірекпін
10.   Үнемділікті,ұқыптылықты қалай түсінесің?
   а / Әр уақытта үнемдімін,ұқыптымын,мектеп құралдарын,  мүліктерін, жеке заттарына үқыптылықпен қараймын, дұрыс  қолданамын үнемі ретке келтіремін.
   ә /  Кейде кемшіліктер кездеседі.
   б /  Көп жағдайда кемшіліктер кездеседі.
   в / Бір уақытта кемшілік жіберемін.
11.   Өзіне талап қоя білесін бе?
   а /  Өзіме талап қоя білемін,өзіме сын көзбен қараймын, сонда дұрыс  қабылдаймын.
   ә /  Кейде кемшілік кездеседі.
   б /  Көп жағдайда талап қоя білмеймін.
   в /  Мүлдем талап қоя білмеймін, сынды қабылдамаймын, сонша  дөрекелік білдіремін.