Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер

Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер

 

  • Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар.
  • Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар.
  • Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет.
  • Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет.
  • Оған сеніңіз, кездейсоқ  еркелігін кешіріңіз.
  • Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз.
  • Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз.
  • Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет.
  • Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!)
  • Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.
  • Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз.
  • Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз.
  • Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз.
  • Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді. Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.