Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

  1. Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
  2. Шектен шыққан жағдай орын алса дадауыс көтермеңіз.Егер сондай бір жәйт үстінде дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.
  3. Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз,шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
  4. Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
  5. Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
  6. Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кез­де ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз,әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
  7. Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
  8. Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз,олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге белісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.

Жас мамандарға

  1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
  2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
  3. Өзіңіздің білім «багажыңызды» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
  4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сез емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
  5. Әрқашан «запас» сабағыңыз, артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайда- ланылмай қалғаны жақсы.
  6. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
  7. Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.