Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынама
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынама
Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттері
- Баламен бірге күн режімін жасау;
- Баланың қолдаушысы ,кеңесшісі болу;
- Сабырлық ,шыдамдылық таныту;
- Жаңа тәжірибені қабылдау;
- Құрылғылармен шама келгенше қамтамасыз ету;
- Балаға бағыт беруге көмектесу;
Нені ескеруіңіз қажет……
- сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);
- сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
- сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
- компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
Балаңыз үшін……….
- арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
- сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
- балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатын киім мен халаттарда емес)
Сабақ өтіп жатқанда….
- Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек.
- Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
Сабақ өтіп жатқанда….
- Сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
- егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз; (ZOOM болғанда)
Нұсқауларға назар аударыңыз…..
- оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
- мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
- сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
Ата –аналар есіне……
- балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
- мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады
- сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
- сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.
Сіздерден сұрайтынымыз….
- Балаңыздың аз уақыт онлайн болуын, көп уақытын өз бетімен жұмыс жасауын қадағалаңыз….
- Үй тапсырмаларын уақытында орындап , мұғаліммен кері байланыста болуын қадағалаңыз….
- Балаңыздың қосымша тапсырмалар орындауын, әдеби кітаптар оқуын,телеарна сабақтарын уақытында көруін қадағалаңыз…
Балаңызбен бірге……
- Таңғы жаттығулар жасау;
- Дұрыс тамақтану;
- Би ұйымдастыру;
- Серуендеу аулада
- Кітап оқу
- Бірге фильм көру;
- Үй шаруасынаи тарту;
- Өлеңдер жаттау
- Тәжірибелер жасау;
Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алуда
бізбен бірге болыңыз…