Ата-аналарға арналған жадынама «Қалай жақсы ата-ана болу керек?»
Ата-аналарға арналған жадынама
«Қалай жақсы ата-ана болу керек?»
Құрметті әкелер мен аналар!
Егер де, сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңгі күнге де сеніммен қарайтын адам болсаңыз, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.
Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Сондықтан бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
- Сіздің балаңыз бен отбасыңыз-өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
- Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны «содан кейін» қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз.
- Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кеше дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз.
- Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол, сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін, сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
- Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл-күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
- Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
- Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз.
- Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа аудармаңыз.
- Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.
- Күнделікте бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз.
- Егер де қолыңыз босай қалса, оның достарымен танысып, араласуға тырысыңыз.
- Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз.
- Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз!
- Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындалмаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады.
- Балаңызды үйге жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз. Мүмкін, бұл – әдемі, жүрекке жылы салт ретінде көрінер: үстелдегі әдемі салфеткалар, хош иісті тамақ, жақсы музыка және үйге кіріп келе жатырған ӘКЕ мен ШЕШЕ. Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған ата-аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.
- Балаңызды жарты сөзден тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз.
- Ол сізді құшақтауға ишарат білдіргенде одан безбеңіз, қол сілтемеңіз. Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер, өзіне деген сенімділік, эмоционалдық қуат береді. Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!
- Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз! Есте сақтаңыз: бумеранг қайта айналып келеді!