Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Серікболсын Дүйсембай

     Серікболсын Дүйсембай

     1993 жылы Баянауыл ауданы Жаяу Мұса ауылында дүниеге келген.  Ы.Алтынсарин атындағы Павлодар облыстық қазақ гимназия-интернатында оқып жүрген  кезінде-ақ өлеңдері  облыстық   «Ертіс дидары» газетінде, «Айдын» журналында, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде және интернет порталдарында жарияланған, Павлодар қаласындағы «Типография Сытина» ЖШС баспасынан «Туған жер, бесік дүние» аттжыр жинағы жарық көрген. Серікболсын – 2008 жылы Семей өңірінде өткен ҮІІ республикалық Абай оқуларының І орын иегері,  «Алаш Орда» қозғалысының 90 жылдығына арналған «Алаш туы астында...» атты облыстық жастар мүшәйрасында І орынды иеленді, Астана қаласында өткен ХІ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде Білім және ғылым министрлігінің «Үздік әдеби шығарма» арнайы сыйлығына ие болды.

     2011 жылғы «Тәуелсіздік тұғыры» атты Республикалық ақындар мүшәйрасында Жаяу Мұса атындағы сыйлықтың иегері. Сондай-ақ  Серікболсын облыстық, республикалық жас ақындар айтыстарына да қатысып, бірнеше мәрте жүлдегер, жеңімпаз атанды. 2010 жылы Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық айтыстың, 2012 Шапық Шөкиннің 100 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алды.

     Серікболсын Дүйсембай гимназия-интернатты 2011 жылы  «Алтын белгіге» аяқтап, 2016 жылы Назарбаев Университетінен «Электр және электроникалық инженерия» маманы болып шықты. Қазіргі таңда Сауд Арабиясындағы Король Абдулла атындағы Ғылым және Технология Университетінде «Қолданбалы математика және компьютерлік ғылымдар» саласы бойынша докторантурада білім алып жатыр.