Қайдаров Рауан Жақсыбекұлы
Қайдаров Рауан Жақсыбекұлы
1992 жылы 4 тамызда Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Естай Беркімбайұлы атындағы ауылында дүниеге келген. Бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатында 2008-2010 жылдары білім алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін 2010-2014 жылдары тәмамдаған. Қазіргі уақытта республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі.
Жетістіктері:
- «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием» атты халықаралық ақындар айтысында ІІ орын. (Екібастұз қаласы 2016 жыл);
- «Дихан рухы мәңгілік» республикалық ақындар айтысында ІІ орын (Қызылорда 2016 жыл);
- «Өз жеріңде демал, өз еліңде ем ал» республикалық ақындар мүшәйрасында «Арнайы жүлде» (Алматы 2016 жыл);
- «Алашқа аты мәлім Қызай ана» Республикалық жыр мүшәйрасының «Арнайы жүлде» иегері (Алматы 2016 жыл);
- Павлодар облыстық «Наурыз айтысында» Бас жүлде, І орын иегері (2014-2015 жылдар);
- «Елін сүйген Елбасы» Республикалық студенттер айтысында «Ректордың арнайы жүлдесі» (Шымкент 2014 жыл);
- Ақмола облысы, Ақкөл ауданында өткен аймақтық ақындар айтысында І орын, ІІ орын (2015-2016 жылдар), т.б.