Мусин Жұмажан Боранбайұлы өлеңдері
Наурызда
Көзіңнен нұр шуақты жылу төккен,
Жүрісің жарқ-жұрқ сұлу неткен.
Қара суық таянған өмірде бір,
Жасадың ақ періштем ару көктем.
Бар құдірет сиқырлы бар ма әлемің,
Отсың-ау оттан да ыстық жалын лебің.
Алдыма алып тұрып құлағыңа
Үздігіп дейінші бір жаным менің.
Бос қиялды әуре ғып ертегінің,
Қол жетпеске қиялым жетсе дедім.
Тұлпар жүрек бәрібір тоқтамайды
Алдымнан аузың ашып күтсе де өлім.
Мұз үстінен жүгірдің жарқылдап-ақ,
Сындарлы аяқ басады батыл бірақ.
17-де қыз Маржан тұрды алдымда
Қызығып та қараймын таңырқап-ақ.
Мұз үстінен жүгіргені әдемі-ақ
Би толқынмен тербеледі дене пәк.
Фотооопарат жеткізе алмас қимылды
Жеткізеді жеткізетін өлең-ақ.
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік ол, от па, су ма, көк ту ма желбіреген,
Шын сезімге бос сөзбе алдарқату елжіреген.
Тәуелсіздік ол, ар, намыс өз елінде,
Алшақ басып сеніммен жүру деген.
Жалтақтамай бас ұрмай ешкімнің аяғына
Тәуелсіздік армандаған бабалар баяғыда.
Өр Махамбет, хан Кенелер басын берген
Біздер жеттік ұзақ болсын баяны да.
Тәуелсіздік ол ақ тандар нұрлы күндер
Шат күлкісі сәбидің жүрек тербер.
Немересі жанында ата –әженің алаңы жоқ
Ғасырларға жалғассың ұлы күндер.
Тәуелсіздік деп құлаш сермесек те,
Есе сөйлеп шыңдарға өрлесек те.
Бірлік керек бірінші бәрінен де
Ұрпақ айтар алғысын келешекте.
Жансерікке
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын журналист
«Отарқа» қалалық газетінің редакторы Ж Сәдуақасовтың
50-ге толуына арнадым
Елуге келдін бе інім, саспай басып
Асқақтамай аптықпай аспай тасып
Қыз мінезді қылықпен жыр сұлуды
Аялайсың әлдилеп жастай ғашық.
Өлең сенің сырласып шер төгерін
Жаныңды жеп жалын боп өртенерің
Жәлел ағам жазатын қоңыр өлең
Сенің-дағы айнымас бір сенерің.
Сағынғанда Ақкөліңнің сай-саласы,
Ақын емес, журналист боп ой шоласың.
Қолың бір қалт еткенде ат жүйрігі,
Жыр қылсаң атақты ақжағаясын.
Аңсағанда ауылдас іні –ағаңды,
Демеп –сүйеп жіберіп құлағанды.
Ақын жүрек шырқап тұрады –ау бір,
Көрген кезде шарасыз жылағанда.
Қыз мінезді жан еді Жәлел ағам.
Мінез бейнең айнымас дәлел ағаң.
Әке атымен «жалғапсыз Жырды үзілген»,
Алланың нұры жаусын дер ем саған.
Елу деген - жалын шақ жанар кезің,
Отқа құйған май болып лаулар сезім.
Қиял асқақ ой шолқып ғарышқа ұшып,
Кезің осы болаттай болар төзім.
Елу ол - жігіттің шыны дара,
Елу ол -өміріңде сынар дара.
Сен, сенбе, елу екеу емес інім,
Елу ол ғұмырында біреу ғана.
Желтоқсан оқиғасы жөніндегі
Мемлекеттік комиссияның мүшесі
Төлеген Алжановтың рухына арнадым
Сен бір сері едің-ау дара тұрған,
Пенделіктен биіктеу жаратылған.
Бастауы бар өмірдің аяғы бар,
Екенің тажал ажал тағы ұқтырған.
Білемін бала күнгі от күніңді,
Көріп тұрмын құдай-ау жоқ күніңді.
«Аға» деп, жолдасым деп, жерлесім деп,
Тигізіп өттің талай септігіңді.
Жігіт ең жаңға жайлы әзілің көп,
Ер жомарт, ақын жүрек, сезімің шоқ.
Дос туыстың бөлістің ауыр жүгін
Қайыспас қара нардай төзімің көп.
Жүйіткіген уақыт мынау шапқан аттай,
Ажал сұм алып кетті бір қаратпай.
Хабар сап келсе өлім айла істер ең,
Кезің ғой күш-қуатың шар болаттай.
Отырғаң жерің гүл-гүл сайран еді,
Ән салсаң жанды ертпей қоймап еді.
Бақұл бол, іні досым, пейіште орның.
Жер –ана,тербете бер, қайран ерді.
Мерейтойға тарту
Солнечный кентіне - 30 жыл
Тумаса да жарқылдап жасан өлең,
Құймаса да шелектеп тасып өлең.
Отыз жылдық тойыңды кентіміздің,
Жыр тұлпарда додаға қосып көрем.
Қала тектес кентіміздің шырайы ашық,
Нар жігітпен, сұлу қыз қолтықтасып.
Бағында ұлы Абайдың отыр әне,
Орыс, қазақ қарттарым жарқылдасып.
Татулықтың көтерген туын биік,
Жас өскінім сендерге басымды иіп.
Айға барып қонғандай қуантады,
Жүргені өзге ұлтпен қосып иық.
Альпинистей бағындырған дара шыңды,
Айтпай кету ұят қой МАЭС-імді.
Күн көзіндей жарықпен адамзатқа,
Тұрғаны қызмет қып жарасымды.
Ардагерлер бағында шынар талдар,
Қөкке ұмтылған сұлудай көзіңді арбар.
Есімдерін жазыпты тасқа қашап,
Кешегі майдангер деп асыл жандар.
Олар рас, құрметке лайық жандар,
Басына ағаш егіп, гүл қойыңдар.
Жас өскін аталарын біліп өссін,
Тағзым ет, күнде кеп қол жайыңдар.
Бүгін үлкен мереке, шаттанар күн,
Ақсақалым төрге озып баптанар күн.
Ұрпағым, ұлы достық туын ұстап,
Нық басып нұрлы күнге аттанар күн.
Бас көшеде ескерткіш ұлы Абайдың
Қазақтың бас ақыны, баласы Құнанбайдың
Дейді дана «жетпесе біріңдікін бірің жеткіз»
Заманнан озып туған алыбы ойдың.
Аяулы шешем, ұрқия Жамали қызының рухына арнадым,
жатқан жерің жарық, ауыр топырағың жеңіл болсын
Көріспейміз енді ешқашан білем анық,
Қадіріңді отырмын тым кеш танып.
Ақымақтар артынан өкінеді,
Жұлдыз болып шешелер өткенде ағып.
Бізді солай мәңгілік арманда ғып,
Еш қызық қалмағандай жалғанда түк.
Құранның күмбіріндей жыр жолдасым,
Жүректен азаяр ма сонда да жүк.
Бәрі бос, бәрі енді қиял екен,
Дүниеге мынау жалпақ сияр ма екем.
Есіме алып сені үнсіз егілгенде,
Періште көзім жасың тияр ма екен.
Өмір бердің, мазасыз жүрек бердің,
Бейнет кешіп өсірдің, жүдетпедің.
Отырам кей түндерде қайғы кешіп,
Ішіңде кетті ме деп, көп тілектерің
Өзіңе айтар реніш, өкпем де жоқ,
Ақыл толып байсалды боп кеткем де жоқ.
Жебеп жүрші, баяғыдай демеп жүрші,
Басқа айтатын өтініш менде де жоқ.
Уа, шеше,енді алдыңнан жарылғасын,
Көк атың, көк пырағың арымасын.
Дұға оқып,сені бүгін еске алғанда,
Қайырымды алла сөзімді қабылдаған.
Жұмақтан орын беріп,қақ төрінен,
Қауышсаң туыс –жекжат бәріменен.
Жастай кеткен анаңмен жолықтырып,
Деп тілеймін, мейірімді көк тәңірінен.
Алмагүлге қарындасым, дәрігерім
Алмагүл Бекенқызына ағалық көңілден,
кіршіксіз жүректен осы өлеңімді арнадым
Кеудемді шабыт кернеп, толқып өлең,
Бір ыстық леп қүйылып шалқып келем.
Көп болса дәл өзіңдей қарындастар,
Жарқылдап жайнар еді, өмір әлем.
Көп менде қарындастар шынымды айтсам,
Періште бала мінсіз, емес лайсаң.
Мыңнан бір, ішіндегі дарасы сен,
Алмагүл, айналайын жаны жайсаң.
Төгіліп көзіңнен нұр, жаның тұнық,
Тұрады көрген сайы, жан ынтығып.
Алғыр ой, назың бөлек бала мінез,
Өзіңді әйгілейді танық қылып.
Биікте бол, сүйікті қарындасым,
Жаның жүдеп, жүрегің ауырмасын.
Алшаң жүр ортасыңда балалардың,
Жан-жарың жаным деуден жаңылмасын.
Пайғамбар жас
2013 жыл, қараша
Алпысқа жарасар ма арнау өлең,
Кеудемде жуасыған тұлпар денем,
Іні-достар құрметпен жатса-дағы,
Аласұрып соқпайтын жүрек деген
Шау тартқым ба, кешегі балғын денем,
Еті қашып, бүгін төмендеген.
Арман арзан, ой солғын үміт бұлдыр,
Осы ма Пайғамбар жас келем деген
Жылдар жұтып жастықты елеңдеген,
Доста өзгерген алаңсыз сенем деген.
Бәрі-бәрі баянсыз келді – кетті,
Өмір – керуен көшінде дөңгеленген.
Ғұмыр серуен сейіліп, азы қалған,
Жүректе қимас жанның назы қалған.
Жә, тоқта, ұял енді, жасым келді,
Соза берсем таусылмас тозық арман.
Алпысқа бауыр басу, қиын маған,
Бос қиял мазалайды құйындаған.
Теңізге тұрмыз таяу кешпесі жоқ,
Сүңгісек қайта шығу бұйырмаған.
Нұрханым немереме
Жанымды бөлер қызыққа,
Қызым-ау, қазір кезің гүл.
Дұрыс па ісің, бұрыс па,
Алаңдамайтын кезім бұл.
Қалтақтай келсең қасыма,
Күн шығып, ай туып тұр.
Алланың нұры болды ма,
Төгіліп көктеп құйып тұр.
Бір жаста көрген атаңды,
Таныдың жазбай таңғалдым.
Алғырлау тәтті ботамды,
Өлеңге косып мақтандым.
Самғасаң биік аспан тұр,
Қанатың болсын талмайтын.
Жаныңа толса жастан нұр,
Биігің болмас алмайтын.
Соғыс еңбек ардагері,
полиция полковнигі
Болат Шәпеновке көше аты беріліп,
мемориал тақта ашылғанда,
отставкадағы баласы, полиция полковнигі
Шайумар Шәпеновке арнадым
Шәке, Сізге!
Алланың нұры жауған күн бүгін,
Көңіліңнің көтер биік жоғарыға түндігін
Әке алдыңда зор борышты атқардың,
Жарқылдап бір, серілерше жүр бүгін.
Жаның отты, тұлғаң дәл Ақсары батырдай,
Сөйлеп кетсең нөсерлетіп, атақты бір ақындай.
Шайумармар деген атың басқалардан дара тұр,
Намыс, қайрат қызыл таудың отты шақпақ тасындай.
Бір қарт шығып ортаға тұрса - дағы әл кетіп,
Досы жайлы толғанып, ұзақ айтты естелік.
«Болат нағыз азамат қой, аңқылдаған ақ қөңіл,
Күлкісінің өзінен үй құлардай теңселіп.
Бугорокта тұрған дүкен кеңестік бір кешегі,
Ертерек кеп бас жазайын еді ғой деседі.
Тыныштықты тұрсыншы деп ер Шәпенов күзетіп,
Қабырғаға мемориалды тақта қойды еңселі.
Тұрушы еді ойы озық, ерекше қатарластан,
Достықты, адалдықты кие ғып пір ұстаған.
Артында ұрпақ қалды, ізі қалды, ісі қалды,
Ұл қалды Шайумардай ер арыстан.
Орыс қызы Трошина Елена Александровнаға
Орыс мінез қылықтым жаның қандай,
Жаныма алау жарық жағылғындай.
Ыстық қан, қаз омырау, балғын мүсін,
Іздегенім жарқ етіп табылғандай
От жүрегім жаныммен үндескендей,
Көзіңдегі от жүрекпен тілдескендей.
Жаным таяу келсең жарты қадам,
Жалын өрт жанға жайлы леп ескендей.
Ұлпа майда шашыңнан жел ескендей,
Бал ерніңнен хош иіс леп ескендей.
Адуындау мінездің тәттісі көп,
Қандай сұлу өзіңмен теңескендей.
Көзіңнен ұшқан от па жарқылдаған,
Ұлпа майда шашың бар жалпылдаған.
Жүріп келе жатсың ба, жүзіп пе әлде,
Қыз мүсінді ұнайды қалпың маған.
Нәзік дене салмағы жоқ қауырсындай,
Уыз төсің, жұмыр сан, бәрі осындай.
Қолыңды ұстап кетер ем тозағыңа,
Көтеріп жүрер едім ауырсынбай.
Бөгет емес дінің маған,
Сезім тасқын, шошынып діріл қағам.
Шау тартқанда сыйладың бала мінез,
Мың алғыс, орыс қызы, күнім саған.
Раушанға
Сыңғырлы күлкің, жанымда тербеп,
Құшағың оттай жаныма кел деп.
Сен сүйсең мені шынымен Шолпан,
Өтерің мен деп, мәңгілік сен деп.
Өтерің мен деп, мәңгілік сен деп,
Жүректі жылып лебіңмен үрлеп.
Алпыста жігіт жасадың мені,
Тіліңмен балдай, күлкіңмен емдеп.
Сенімге күдік түспесін түндей,
Алдымнан шықсаң күлімдеп күндей.
Жүрегі жалын сезімі шоқтай,
Шашылып жатқан шал да жоқ мендей,
Жасымыз алшақ, қорықпа одан,
Сұлуым, сүйсең ұзаққа шабам.
Жалғыздық батып шаршады-ау деп,
Жіберген сені шешең де маған.
Аллаға жақсы керек-ті
Айтыскер ақын, Алмагүл Жүгінісова бауырым,
қарындасымның жаназасында оқылған өлең
Қалқам – ай, мынау жалғанда,
Қиып бір кетер кезің бе.
Шаттық пен асыл арманды,
Әлдилеп өтер кезің де.
Көшеңді жасыл қазыналы,
Тоқтаттың үзіп тым ерте.
Өкініш желі азынады,
Аяздай қарып бір сәтте.
Қазақтын барлық қыздары,
Сендей-ақ болса, қалқам –ау.
Ибалы мінез, нұрлы дидары,
Жадымда мәңгі қалған –ау.
Ән салған үнің қандай-ды,
Құлақтан кіріп, бойды алған.
Мәдинадан мұңың аумайды,
Тағдырың ұқсас,
О, жалған!
Мен емес,барша жүректі,
Жылытар сазды жырларың.
Аллаға жақсы керек-ті,
Пейіште болғай нұр жаның.
