Бейбіт Бөжен
Бейбіт Бөжен
1982 жылы 18 наурызда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылында дүниеге келген. Қимадиден Нығыманов атындағы орта мектепте тоғызыншы сыныпқа дейін оқып, Ыбырай Алтынсарин атындағы №3 гимназия-интернатын тәмамдаған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі мамандағы бойынша бітірген. Түрлі жыр мүшәйраларына қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Өлең-жазбалары бірқатар республикалық, облыстық жинақтарға енген, мерзімді баспасөз беттері мен әдеби-көркем журналдарда басылған.
Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде, «Ирбис» телеарнасында журналист, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Павлодардағы меншікті тілшісі болып еңбек еткен. Қазіргі күні «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалында жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маман болып қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Павлодар облысының 65 жылдығы мерейтойлық медалімен, Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін медалімен, Павлодар ауданының 85 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталған. Павлодар облысы әкімі грантының иегері. Аудандық, облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері.
