Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Асылжан Жеңіс

     Асылжан Жеңіс 1994 жылы 7 мамыр күні Павлодар облысы Жабағылы ауылында дүниеге келген. 1- сыныпты үздік тамамдаған ол Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатына түседі. Мектеп қабырғасында айтыскер ақын Асхат Тұрғанбекұлының үйірмесіне қатысып, азды-көпті жарыстардан олжалы оралып отырды. Солардың ішіндегі ең елеулісі «Туған тілім – байлығым» телеолимпиадасы, облыстық Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және Абай оқулары. Соңғысынан да 1- орынды иемденіп, 2011 жылы Республикалық Абай оқуларынан бас жүлдемен және білім грантымен оралды. 11- сыныптан кейін білім гранты сертификатымен Семей мемлекеттік педагогикалық институтына түсті. Жоғарғы білімін ПМПИ-де жалғастырған Асылжан үш жылдан кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі дипломын алып шықты. Жұмыс өтілін «Қазақстан-Павлодар» арнасынан бастаған ол бүгінде «Хабар 24» арнасының жураналист-редакторы.