Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

5-сыныпқа қабылдау емтиханына онлайн тіркелу

5-сыныпқа қабылдау емтиханына онлайн тіркелудің 3 жолы бар.

Толығырақ

5 сыныпқа қабылдау емтиханы, 2020 о.ж.

5-сыныптарға қабылдау емтиханы 19-20 маусым.

Өтінішітерді қабылдау: 15.05.2020 - 17.06.2020 ж.

Сілтеме арқылы емтиханға онлайн тіркелуге болады: Онлайн тіркелу

Толығырақ

Мектеп бітірушілердің назарына

Мектеп бітірушілердің назарына
8-8000-80-71-77

Толығырақ

Қабылдау емтихандарының мерзімі шегерілді

    Құрметті ата-аналар!

      Облысымызда 13 сәуірден бастап карантин енгізілуіне байланысты гимназия-интернатымызға қабылдау емтиханы белгісіз мерзімге ұзартылды. Қабылдау емтиханы өткізу белгілі болған кезде мектебіміздің әлеуметтік желісі арқылы хабарлап, ресми сайтымызда жариялайтын боламыз.

Толығырақ

4 тоқсан

     Еліміз бойынша 6 сәуір күні басталған қашықтан оқыту жалғасуда. 4 тоқсанда оқушылар бір БЖБ мен бір ТЖБ тапсыратын болады. Сондай-ақ қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді, аттестатқа жылдық қорытынды бағалар қойылады.

Толығырақ

Үйден шықпаңыз

Қымбатты оқушылар!
      Міне, 4-тоқсанның алғашқы аптасы да аяқталды. Ұстаздарыңызбен қашықтықта жұмыс жасау арқылы үлкен тәжірибе жинаудасыздар.
       Қолжетімді бағдарламаларды пайдалану арқылы да өздігінен білім алуға бейімделудесіздер. Әрине мұндай тәжірибе келешекте үлкен пайдасын тигізбек.
       Қашықтықтан оқыту - бұл білім беру жүйесінің жаңа беталысы болмақ.
       Яғни, сіздер өздігінен жұмыс жасау арқылы білімдеріңізге анализ жасап, еңбек ету дағдысын қалыптастырудасыздар.
       Цифрлық құзыреттіліктеріңіз артып, тағы бір жаңа белеске қадам бастыңыздар.

Толығырақ

Қашықтықтан оқыту форматы

      Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
⠀     Еліміздегі төтенше жағдайды ескере отырып гимназиямыз да төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазіргі таңда балалар көктемгі демалыстарын тиімді өткізіп жатыр деген сенімдемін. Ал гимназиямыздың ұстаздары болса, балаларды жаңаша оқытуға өздерінің цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауда.
⠀     Білім ордасында қашықтықтан оқыту бойынша жедел желі жұмысын бастады. Барлық сұрақтарыңызға осы нөмірлер арқылы жауап алуларыңызға болады.

 



⠀     Қымбатты оқушылар!
⠀     Қашықтықтан оқыту форматы өздерің үшін алғашқы тәжірибе болғалы тұр. Сондықтан қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын түсіндіре кеткенді жөн санадым. Біздің ұстаздар қашықтықтан оқыту барысында әлемдегі және еліміздегі озық платформаларды қолданылатын болады. Педагогтар оқыту процесін Kundelik.kz, Zoom, bilimland, google, classroom, edmodo секілді ресурстар арқылы жүргізеді. Бекітілген сабақ кестесін kundelik.kz бағдарламасынан көре аласыздар.
      Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілеймін.

Толығырақ

Қашықтықтан оқыту

Құрметті ата-аналар және білім алушылар! ⠀
Егер қашықтықтан оқыту бойынша сұрақтар туындаған жағдайда CАLL орталық нөміріне SMS - хабарлама қалдырып, немесе тікелей хабарласып ақпарат ала аласыздар.
Телефон: +7 747 714 38 90
Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ
09:00 - 18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

Толығырақ