2018-2019 оқу жылына қабылдау емтиxаны
Құрметті ата-аналар! Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-гимназия-интернатының 2018-2019 оқу жылына қабылдау емтиxаны да жақындап қалды.
ЕМТИХАН КҮНІ 12-13 МАМЫР
12 мамыр күні оқушылар әр пән бойынша 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындаса, 13-күні үміткермен сұxбаттасу, әңгімелесу өтеді.
5-сыныптар үшін емтихан пəндері:
- Математика
- Логика
- Қазақ тілі
Үміткердің өзімен бірге таза дәптері және қаламсабы болуы қажет.
Өтетін орны: Павлодар қаласы. Айманов көшесі, 35
Байланыс тел.: 64-28-35, 64-28-36.
