«Қауіпсіз Интернет» ата-аналарға арналған жадынама
Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыз ғаламторды жиі пайдаланады. Сіз рұқсат етпейтін, көруге жас ерекшелігі сай келмейтін әрі сананы улайтын, жамандыққа, тіпті қайғылы жағдайға жетелеп, жалған ақпарат беретін әлеуметтік желі, сайттар саны жетерлік. Ой-санасы, өзіндік пікірі әлі қалыптаспаған, шындық пен өтірікті ажырата алмайтын баламызды қалай қорғайымыз? Сол себепті біз сіздерге қарапайым ережелерді ұсынамыз.
1-ереже. Балаларыңыздың «әлемдік тордағы» іс-әрекеттеріне мұқият қараңыз:
Ғаламторда еркін отыруға жол бермеңіз. Балаңызбен ғаламторды қолданған кезде бірге белсенді қатысыңыз.
Ғаламтордың өзіңе қажетті жаңа мәліметті білу үшін ғана керектігі және оның уақытша екені жайында балаңызбен әңгімелесіңіз.
2-ереже. Балаға ғаламтордың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері туралы ақпарат беріңіз:
Балаға Интернетте де өмірде сияқты "жақсы" және "жаман" адамдар кездесетіні туралы түсіндіріңіз. Балаға басқа Интернет пайдаланушыдан зорлық-зомбылық көрсе, дереу жақындарына хабарлау керек екенін айтыңыз.
Балаға өзіңіздің көмегіңізбен қажетті ақпаратты іздеу мен оны тексеруді үйретіңіз.
Керекті мәліметті жүктеуде де мұқият болуды үйретіңіз, әсіресе sms жолдау арқылы – ақша шығындарын болдырмау үшін.
Қызықты, қауіпсіз ресурстардың тізімімен таныстырыңыз.
Қандай да болмасын сұраныстар бойынша өзінің жеке деректерін ешкімге айтпау керектігін балаңызға айтып түсіндіріңіз.
Бала өзін жақсы ұстай алуын, балағат сөздермен ешкімге тіл тигізбей (әлеуметтік желі этикасы) қарым-қатынас жасау жайында сөйлесу қажет.
3-ереже. Балаңыздың желіде болу уақытын бақылаудың ыңғайлы тәсілдерін таңдаңыз:
Компьютеріңізде қажетті бағдарламаларды орнатыңыз, ата-аналық бақылау және антивирусты қамтамасыз етіңіз. Және оларды жиі жаңартып отырыңыз.
Егер сіздің балаңыз үйде жиі жалғыз қалып отырса, ғаламторда болу уақытын шектеңіз.
Егер компьютерді барлық отбасы мүшелері пайдаланса, оны баланың бөлмесіне қоймаңыз.
Компьютерде ересектер мен балаларға арналған әртүрлі пайдаланушы есептік жазбаларын жасаңыз. Бұл баланы қорғауға ғана емес, сіздің жеке деректеріңізді сақтап қалады.
Үнемі балаңыздың қандай ресурстарды пайдаланатынын бақылаңыз.
4-ереже. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін компьютерлік сауаттылық деңгейіңізді үнемі көтеріп жүріңіз. Ол үшін ыңғайлы мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Мысалы, курстарға бару, арнайы әдебиет оқу, сарапшылардан кеңес алу.
