АНАШЫМНЫҢ АҚ СҮТІНЕН ДАРЫҒАН...
Анашымның ақ сүтінен дарыған бұл қасиет,
Ана тілімнің алдында талай уақыт бас иед.
Қазақ тілін құрметтеңдер, әрқашан да дәріптеп,
Осы бабамның сөздері емес қой құр өсиет.
Ана тілсіз бұл фәниде адамдар жан еместей,
Шөл даладағы мөлдір судың сағымы елестей.
О, адамзат, ана тіліңнің барына шүкір ет,
Кей пендеге ана тілің биік таудай, белестей.
Ана тілім, махаббатым, Құдайымның бергені,
Әрқашанда құрметтейді, аялайды ел сені.
Бір өзіңе көк тер болып, аңсап жеттік, шөлдеп біз,
Сенен кейін, рәміздерді, алдық алтын теңгені.
Мұның бәрі ана тілдің күшіменен болғандай,
Ана тілдің арқасында бақыт құсы қонғандай.
Болашаққа қадам басып,қол жеткіздік елдікке,
Ана тілдің арқасында қазақ жолы оңғандай!
Абдираимов Ердаулет, 8«б»-сынып оқушысы
