ӨМІРГЕ АЛҒЫС
Менің мына өмірде көрмегенім көп әлі,
Бұл ғаламның ішінде білмегенім бар әлі.
Білімдінің басында таудай талап, бар бағы,
Білгенімді қағазға түсіремін мен-дағы.
Арқа сүйер әр адам, жаныңдағы әз анаң,
Тамсанатын ұрпағы, қорған болған өз әкең.
Осыларың еңбегі арқасында бар панаң,
Құйып берген тәрбие жемісі ол, мол санаң.
Өзімді мен алдыңғы доңғалағы сезінем,
Арттан ерген інілер, үлгі болу, мен білем.
Өсіп келед ханшайым «Еңлік» атты үйімнен,
Қорған болам мәуелі, үйіп-төгем біліммен.
Туысқанды сыйла әр кез, туғандарды қорға,
Деген сөзі анамның әрқашанда ойда.
Ізетті бол иманды, жаман бала болма,
Деп айтатын аяулы, әжем менің жанымда.
Сансыз шүкір Аллаһ Тағала жаратушы,
Бар өнер-білімді санаға дарытушы.
Бақыттырақ біреу бар ма айтыңдаршы,
Мен ризамын өмірге, бәріне айт хабаршы!
Қадыр Қызжібек, 10 «б»-сынып оқушысы
