Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

АНА ТІЛІМ

Ана тілім

Ана тілім  – асқар  тауым,  айдыным,

Сенсің менің ар ұятым, айбыным!

Сен болмасаң надан болып өтер ем,

Сенсіз менің  өтер ме  еді күндерім .

 

Ана тілім – асқар  тауым, айдыным,

Тіршілігім, барымсың сен, ай күнім.

Ана тілім сен болмасаң не етер ем,

Теңеспейді саған басқа байлығым.

 

Көркейткен де  кеңіткен сен санамды,

Көтерген сен беделімді, бағамды.

Елдігімді, ерлігімді  таныттың,

Жұбатқан  да,  жазған да  сен жарамды.

 

Тілім десем басымды алар кім менің,

Бұрынғымен араласты мұң-кегім.

Әттеген-ай, бабалардың соңынан,

Аманатын ақтай алмай жүргенім

 

Жанбау Марғұлан

 8«б» сынып оқушысы