Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ТУҒАН ТІЛІМ – ТҰҒЫРЫМ

 Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай келбеті, ұлттық болмысы. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Ол біздің бойымызға ана сүтімен дарып,  сіңеді.

   Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – қазақ тілі. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатыр.

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте»

- деп  ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли жырлағандай, өз ана тілімізді құрметтейік .

   Тіл – халықтың жан дүниесі. Шынымен айтсақ, қазақ халқының басынан талай қиын-қыстау кездер өтті. Соған қарамастан, біз өз тілімізді, өз дәстүрімізді бір сәт те жадымыздан шығармадық.

   Қазіргі тәуелсіз әрі бейбіт заманда қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай Құнанбаев атамыз дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді. Дәл осы Абай атамыз қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен.

   Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

   «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді  әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да ...» - деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап көрсеткендей, болашаққа кемелденген тілімізбен, рухани, мәдени байлығымызбен нық басайық!

Токибаева Лаура

8 «Б» сынып оқушысы