Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Айбек Қали шығармалары

Мен - қазақтың тілімін

 

Күнін кешкен дәруіш, қаңғыбастың,

Қой өтінде жеті түн қалғымаспын.

Қарға көз бен қара көз қазағымның

Қарашығын құрғатпас қанды жаспын.

 

Қара қазақ   запыран зарға ұластың,

Шала қазақ  қапыда жарды бастың.

Бірі -дұрыс, біреуі - бұрыс тартқан,

Қос айырылған құйрығы қарлығашпын.

 

Қауырсыны үзілсе қанатымның,

Жай түскендей жаутаңдап қалатынмын.

Шабыттанған бар кінәм әр ақынның,

Көмейіне ұямды салатынмын.

 

Айдынында тербеліп кеме - жүрек,

Асқақ арман сүңгіді тереңірек.

Ту сыртымнан торғайлар торуылдар,

“Биігінен құлатқым келеді“ - деп.

 

Қанатым сыймас, сірә, көрге менің,

Өлсем де көрде емес,төрде өлемін.

Қарлығаш қауырсынмен су бүркіп ем,

Жұпар иіс бөледі жер бедерін.

 

Сұрапыл боран болып ызғарлаттым,

Қазақты енді менен қызғанбақ кім?!

Қырық жыл қырғын болған қыратында,

Қыршындай қырмызы гүл - қызғалдақпын.

 

 

Махаббат

 

Махаббат деген - ну орман,

Құраған сезім - қарағай.

Махаббат деген - мың арман,

Толассыз соғар толағай.

 

Махаббат деген - гүл көктем,

Бәйшешек бүрін жаратын.

Махаббат күндер бірге өткен,

Әр секунд, минут, сағатын.

 

Махаббат деген - мамық қар,

Құласаң құшып алатын.

Махаббат - ақын алыптар,

Сезімін ұсына алатын.

 

Махаббат деген - ақ жаңбыр,

Су қылар қолшатырсыз,

Махаббат деген - Мағжан бұл,

Түсінбес оны ақылсыз.

 

Махаббат - Мұқағалидың

''Фариза, Фаризажаны''.

Махаббат - Айбек Қалидың

Жастық шақ, дариғалары.

 

Махаббат биік аспаннан,

Аласа гүлден бүр жарған,

Махаббат ұзақ дастаннан

Қып-қысқа кейде бір жолдан.

 

 

Түс

 

Боз таңның нұры еркелеп тауға асылады.

Күн күлімдейді, шағылып қарға шуағы.

Найзадай шыңы қозыбас бұлтқа қадалған,

Хан Тәңірі көктен сескеніп сауға сұрады.

 

Бұлқынған бұлақ бұғаусыз бұраңдап түрлі,

Сырғанай құлап, арнасын сылаң қақтырды.

Тып-тыныш тұрды тапжылмай Табиғат-Ана,

Таң атып келе жатқанда қылаңдап нұрлы.

 

Төңірек елге төр қылған төмен бөктерді,

Кербесті құлын көңілім елеңдеп келді.

Төскейде жатып, шалғыннан төсеніш төсеп,

Жайғасқан ақын жүрекке өлең кептелді.

 

Жауына ұшқыр жебедей атылған жастан,

Аһ, ұрған талай ақиық ақын - нарқасқам.

Барып ем таяп, дүниемен тілдесіп тұрған

Мұқағали ғой мұзарттай атын қар басқан.

 

- Ақыным мөлдір сөздерін ырғыз бұлақтан,

Жырларың құнды құралған құндыз құрақтан.

Жетісуыңды жыртып ап жамасаң жырға,

Сүйсінер сұлулығына жұлдыз жырақтан.

 

Қара өлең тұнған туғаннан қан тамырда ұсақ,

Қырмызы гүлдей қалдырдың қанша жыр құшақ.

Тұмшалап тұман шыңында алса да тұрып,

Таң атып қайта көріндің Хан Тәңірі ұқсап.

 

- Балапаным-ау жалғанға шыққан жармасып,

Аққулар ұшып келеді жұптан жалғасып,

Өзіме олар өлеңді ұққаннан ғашық.

Қауырсын қанаттарыммен көтеріп көкті,

Биіктеп бара жатырмын бұлттардан да асып.

 

Деді де кетті өлеңнің іздеп кенішін.

Тіркелген керуен мең болды тізбектеп ұшып.

Тізіліп жасым төгілді сіз кеткен үшін.

Көбелек жырды тірілтіп, көбесін сөккен,

Көксүңгі қатқан көңілімнің қыз көктемісін.

 

Арманшыл ұлға алпауыт күш берген өте,

Қиядан қиял айдынға құс келген екен.

Қолыма менің ұсынды қауырсын қалам,

Оянып кеттім, эһ, шіркін, түс көрген екем.