Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Бабаларымның үмітін ақтар серкемін!!!

Бабаларымның үмітін ақтар серкемін,

Бостандық туын желбірететін еркемін.

Талай тарландар өмірдің түсіп торына,

Күрескен еді арманға алып ертеңін.

 

Ерттеген ермен күні бойына ат үстін,

Ажалдан қалған ортасына түсіп атыстың.

Махамбет пенен Исатай туған ел үшін,

Басымды иемін сұңқарларына батыстың.

 

Тәуелсіздіктің байрағын желпу бар мәні,

Тәуелсіздік туы астында жүру арманы.

Кене ханыма кенелген батыл қайсарлық,

Тірегі елімнің болса да, соңғы арланы.

 

Тағылмау керек қайтсе мынау жырға мін,

Аллаға  шүкір азаттық деген шыңдамын.

Тұсау тақса да ойнайды оттай тұлпарлар,

Ұлтының ойлап кіл қамын!

 

 

 

9 «а» сынып оқушысы Әлбек Архат