Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

54-ІНШІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

54-ІНШІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

2016 жылдың 5-6 қаңтар күндері қаламыздағы №16 мектеп-лицейінде 9-11-сыныптар арасында жалпы білім беретін 15 пән бойынша облыстық олимпиада болып өтті. Мектебіміздің олимпиада құрамасы төмендегідей нәтижелерді көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиетінен 9-сынып оқушысы Шарапиден Аида І  орын (ұстазы Қасенова Тұрсын Қомшабайқызы), 10-сынып оқушысы Көбеш Наргиз І орын (ұстазы Ахметова Гүлзина Қабдырахманқызы), 10-сынып оқушысыНұрбекова Жансая ІІ орын (Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы), орыс тілі және әдебиетінен 9-сынып оқушысы Алмаз Ділназ ІІ орын (Саденова Орынтай Батпекқызы), (8) 9-сынып оқушысы Негманова Диана ІІІ орын (Бекенова Қорлан Қабыкенқызы), 10-сынып оқушысы Жанакова Арайлым ІІІ орын (Саденова Орынтай Батпекқызы), Қазақстан тарихы пәнінен 10-сынып оқушысы Қабдолла Диана І  орын (Мұхтар Дастан Бекболатұлы), (8) 9-сынып оқушысы Абдраимов Ердәулет ІІІ орын (Мұхтар Дастан Бекболатұлы), 10-сынып оқушысы Макишева Гауһар ІІІ орын (Мұхтар Дастан Бекболатұлы), ағылшын тілінен  9-сынып оқушысы Бейсенова Жансая ІІІ орын(Байдарбесова Қымбат Маратқызы), 10-сынып оқушысы Иранова Динара ІІІ орын (Искакова Динара Серікқызы), биология пәнінен 10-сынып оқушысы Секен Аяулым  ІІІ орын (Асанова Шнара Жанғабылқызы), география пәнінен 9- сынып оқушысы Мукатаев Сабит ІІІ орын (Хасенова Сандуғаш Мубараковна), 10-сынып оқушысыСапарова Алтынай ІІІ орын (Айткалиева Айнагүл Талғатқызы), құқық негіздері пәнінен 9-сынып оқушысыКабдулхамит Камшат ІІ орын (Булатова Салтанат Бакытбековна), 10-сынып оқушысы Сейфулла Алуа ІІІ орын(Булатова Салтанат Бакытбековна), 10-сынып оқушысы Смаилова Гульден ІІІ орын (Булатова Салтанат Бакытбековна), 11- сынып оқушысы Куватова Алима ІІІ орын (Кәрімжан Жарылғап Төлепбергенұлы) иегерлері атанды.

Жеңіс тұғырынан көрінген шәкірттер мен баптаған ұстаздар қауымын құттықтаймыз! “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттің жетістігі ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбегі екендігін мойындаймыз.«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» дегендей, талапты шәкірттеріміз көп болғай! Ендеше, сіздерді қашанда қыран қонар биіктерден көрейік!