ЖАС ГЕОГРАФТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

Павлодар облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылғы қазанның 15 күні жас географтардың облыстық олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадада 69 үміткер бақ сынасып, өз білімдерін көрсеткен болатын.
Мектебіміздің атынан қатысып ІІІ орын иегері атанған 8б-сынып оқушысы Даирбекова Аяулым мен «Құрмет грамотасының» иегері 7-сынып оқушысы Тасболат Ерасылды шын жүректен құттықтай отыра, қашанда жеңіс тұғырынан көрініп, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
