ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА...

Сәуір айының 22-23 аралығында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 5-10- сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі, ардақты ұстаз М.Ж.Байғалова атындағы IV дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы өткізілді. Бұл шара ана тіліміз – қазақ тілін дамытуға, келешек ұрпақтың , яғни біздің талантымызды, талабымызды шыңдауға бағытталған еді. Гимназиямызда 4- рет ұйымдастырылып отырған сайысқа 60-қа жуық жас өрен қатысып, бес кезең бойынша өзара бақ сынады. Сайыстың алғашқы күнінде 5-7 сынып оқушылары , ал екінші күні 8-10 сынып оқушылары өздерінің терең білімдерін көрсетті. Оқушылар «Тыныс белгілер патшалығы», «Шешендер сөйлейді», «Қызықты грамматика», «Мәнерлеп оқу» және «Шығармашыл тұлға» аталымдарында сынға түсті. Білім додасына қатысқан 60 жеткіншектің ішінен 18 бала I ,II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. 1-орынды 5«б» -сынып оқушысы Бушумбаева Меруерт, 6«а»-сынып оқушысы Тұрғанбек Ақжүніс, 7 «б»-сынып оқушысы Изюмская Жанна, 8 «б»-сынып оқушысы Шарапиден Аида, 9 «ә»-сынып оқушысы Нұрбекова Жансая , 10 «б»-сынып оқушысы Алдаберген Нұрдаулет, ал 2-орынды 5 «ә»-сынып оқушысы Шамшиден Жібек, 6 «б»-сынып оқушысы Асқар Күлімжан, 7 «а»-сынып оқушысы Болат Сәнім, 8 «б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай, 9 «а»-сынып оқушысы Қажыкенов Ерасыл, 10 «а»-сынып оқушысы Есенбай Мөлдір, 3-орынды 5 «б»-сынып оқушысы Ерғали Назерке, 6 «а»-сынып оқушысы Елжан Еркебұлан, 7 «а»-сынып оқушысы Ахмедеева Диана, 8 «б»-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан, 9 «б»-сынып оқушысы Ерғожина Жанерке және 10 «а»-сынып оқушысы Сапарғалиева Аружан сынды жүйріктер иеленді. Бұл жетістіктер Қасенова Тұрсын Қомшабайқызы , Қасыбаева Майра Бағдатовна, Абаева Алмагүл Тұрлыхановна, Окпина Бақытгүл Маулитқызы, Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы, Ахметова Гүлзина Қабдрахмановна және Қайрат Айсана сынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің майталман ұстаздарының арқасы деп білемін. Себебі дарынды мектепте дарынды шәкірт тәрбиелеуде, оларды білім нәрімен сусындатып, ірі тұлға болып қалыптастыруда аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор. Олимпиаданың жабылу кешінде Байғалова Мафруза Жармағанбетқызы жеңімпаздарға өз қолымен мақтау қағаздарын тапсырып, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді.
Шарапиден Аида
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия-интернатының
8 «б»-сынып оқушысы
