«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ»
2014 жылғы 9 қазан күні Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебенде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Бұл сайысқа біздің мектептен 3 оқушыдан тұратын топ қатысты. Топ мүшелері: Жанбау Марғұлан, Айтқалиева Жанель, Изюмская Жанна. Топ жетекшісі педагог-психолог Аскапова Сайран Кенесарықызы.
Арнайы әзірленген тақырыптарға эссе жазу конкурсында біздің мектептің 8 сынып оқушысы Жанбау Марғұлан ІІІ дәрежелі дипломға ие болса, ал «Адам болу» атты тақырыптағы командалық сайыстың корытындысы бойынша біздің команда І орынға ие болды.
Құттықтаймыз!


