Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

OnlineMektep: "Ең белсенді ұстаздар" - "Самые активные учителя"

2019-2020 оқу жылының IV тоқсанынан бастап мектептерде дәстүрлі оқыту онлайн-форматқа көшірілді. Нәтижесінде қашықтықтан оқыту форматында 3 миллионнан астам оқушы білім алды. Оқушылар мен мұғалімдер жаңадан жасалған OnlineMektep платформасын қолданды. Платформаны BilimLand компаниясы және "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" мамандары әзірледі.
OnlineMektep функционалы кесте құру, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, синхронды (бейнеконференцбайланыс арқылы) және асинхронды (ыңғайлы уақытта) оқыту мүмкіндігі, үй жұмысы, үлгерімді бақылау, сабақтың, бөлімнің және тоқсанның бағаларын үйлестіру сияқты негізгі функцияларды толығымен қамтыды.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша Bilimland компаниясы Onlinemektep платформасын белсенді пайдаланған Павлодар облысының үздік мұғалімдерін марапаттады.

І ОРЫН – «Ы. Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған облыстық Қазақ гимназия-интернаты» математика пәнінің мұғалімі ХАНАПИЯ БАХЫТГҮЛ «OnlineMektep: Үздік Ұстаз» мәртебесімен марапатталады. (Жүлдесі: алғыс хат, “Үздік ұстаз” стелласы және BilimBook” планшеті).

ІІІ ОРЫН – «Ы. Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған облыстық Қазақ гимназия-интернаты» математика пәнінің мұғалімі АМРЕНОВА Айнагуль Сарсембаева «OnlineMektep: Үздік Ұстаз» мәртебесімен марапатталады. (Жүлдесі: алғыс хат, “Үздік ұстаз” стелласы).

Сондай-ақ, мектебіміздің мұғалімі Тусенов Әлібек Сенбекұлы “OnlineMektep платформасын сабақ барысында белсенді қолдану” шеберлік сағатын өткізгені үшін Павлодар облысы ақпараттық технологиялар орталығы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат иесі атанған белсенді ұстаздарымызды құттықтаймыз.

 

OnlineMektep: "Ең белсенді ұстаздар" - "Самые активные учителя"

 

OnlineMektep: "Ең белсенді ұстаздар" - "Самые активные учителя"

 

OnlineMektep: "Ең белсенді ұстаздар" - "Самые активные учителя"

 

OnlineMektep: "Ең белсенді ұстаздар" - "Самые активные учителя"

 


 

 

По итогам 2020-2021 учебного года компания Bilimland наградила лучших учителей Павлодарской области, активно использовавших платформу Onlinemektep.