Жалпы республикалық ата-аналар жиналысы
2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында гимназиямызда 5-11 сынып аралығында ата-аналар жиналысы өткізілді.
⠀
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиналыстар онлайн форматта ұйымдастырылды.
⠀
Аталмыш жиналыста жазғы мектепті ұйымдастыру және балалардың жаз мезгілінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
⠀
Сондай-ақ пән мұғалімдері жиналысқа қатысып, өз пәндері бойынша оқушыларының оқу үлгерімдері жайында сөз қозғады.