Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Байғалова атындағы олимпиада

Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова атындағы дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада қорытындысы

 

Мектебімізде 5 мамыр күні 7, 8-сынып оқушыларына арналған Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова атындағы дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада  онлайн режимде өтті.

Мақсаты- тіл мәртебесін арттыру, болашақта халқымыздың ұлылығын паш ететін, әлемге ұлықтайтын, өңіріміздің намысын қорғайтын нағыз сайыпқырандарды анықтау.

Міндеттері:

  • олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
  • теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
  • жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
  • дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.

 

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, облысымызға еңбегі сіңген ардагер  ұстазымыздың есімі берілген. Бүгінгі таңда осы игі іс-шара облыстық деңгейде мектебімізде екінші жыл жалғасын табуда.

  Мектебіміздің, туған өлкеміздің абыройын асқақтатар болашақ сайыс қырандарын танып, шығармашыл, дарынды балаларды қалыптастыру мақсатын көздейтін олимпиадаға 7-8-сынып оқушыларынан 25 оқушы қатысты.

Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде оқушылар эссе жазса, екінші кезеңде қазақ тілі мен әдебиетінен берілген 5 тапсырма бойынша білімдерін ортаға салып, бақтарын сынады. Бүгінгі  сайыста әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» олимпиада жүлдегерлері анықталды. Нәтижесі төмендегідей:

8-сынып бойынша:

I орын - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Каиржанова Аида

II орын - Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Жаикбаева Таисия

II орын -«Шарбақты ауданы  Арбиген жалпы орта ББМ» КММ-нің 8-сынып оқушысы Коптлеу Мария

III орын- Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Манарбекова Гүлсана

III орын- Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы Қанатбек Алина

III орын- Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы орта білм беру мектебінің 8-сынып оқушысы Тыналинов Тлеген

«Тіл жанашыры» номинациясы:

«Шарбақты ауданы  Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы ББМ» КММ-нің 8-сынып оқушысы Тусупбекова Адема

«Білімпаз» номинациясы:

 «Шарбақты ауданы Шегірен жалпы орта ББМ» КММ-нің 8-сынып оқушысы Абилова Саида

«Дарын» номинациясы: Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Борамбай Мақыш

«Жас лингвист» номинациясы: Екібастұз қаласының  «Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернаты» КММ-нің 8-сынып оқушысы Әбдікәрім Нұртөре

7-сынып бойынша:

I орын - Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 7-сынып оқушысы Ардаққызы Жәнел

II орын - Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Каримова Арайлым

II орын - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Каиржанова Динара

III орын- Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 7-сынып оқушысы Семсерхан Назлы

III орын- «Шарбақты ауданы  Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы ББМ» КММ-нің 7-сынып оқушысы Нұрғабыл Гулина

III орын- Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің

7-сынып оқушысы Умарова Алима

«Тіл жанашыры» номинациясы:

Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Оразбекова Алина

«Білімпаз» номинациясы:

 «Шарбақты ауданы  Есілбай жалпы орта ББМ» КММ-нің 7-сынып оқушысы Махамбет Айзада

 «Дарын» номинациясы: «Шарбақты ауданы  Шалдай жалпы орта ББМ» КММ-нің 7-сынып оқушысы Есумканова Ханшайым

«Жас лингвист» номинациясы: «Шарбақты ауданы  Арбиген жалпы орта ББМ» КММ-нің 7-сынып оқушысы Каркауова Саяжан

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында. Болашақта халқымыздың ұлылығын паш ететін, әлемге ұлықтайтын, өңіріміздің намысын қорғайтын нағыз сайыпқырандары Сіздерсіздер. Білім додасында сәттілік серіктерің болсын!

СкачатьСмотреть
СкачатьСмотреть