Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Үздік жас маман - 2021

Гимназиямыздың жұмыс жоспарына сай, педагогтардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, жас мамандарды қолдау және көтермелеу, мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында гимназиямызда «Үздік жас маман - 2021» жас мамандар сайысы өтті.

Сайысқа 3 жылға дейін еңбек өтілі бар жас мамандар қатысты.

Жас мамандар сайыста өзінің таныстыруларымен бастап, өз өнерін ортаға салып, өткізген ашық сабақтарын қорғап, педагогикалық жағдаяттық сұрақтарға жауап берді.

Сайыс барысында қатысушылардың шығармашылықпен, кәсіби шеберлікпен, жаңашыл әдістермен, зор ізденіспен жұмыс жасайтындықтары анықталды.

Нәтижесінде:
«Ғылым жанашыры» номинациясын Рысқұлбек Мөлдір Елдосқызы (химия пәні)

«Шығармашыл ұстаз» номинациясын Төлегенов Бақытжан Жанболатұлы (тарих пәні)

«Жаңашыл ұстаз» номинациясын Еркінбай Тоғжан Қалдыбайқызы (география пәні) иеленсе,

ІІІ орын Абишева Альмира Бауыржанқызы (ағылшын тілі пәні)

ІІ орын Назриденова Жадыра Бауыржанқызы (физика пәні) марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Байрон Мәрес Жумашұлы «Үздік жас маман-2021»
жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық, дипломдар мен мектебіміздің брендтік өнімдерінің жиынтығы табыс етілді.