Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі

Құрметті ата-ана!
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты 2021-2022 оқу жылына  5-сыныпқа оқушыларды қабылдайды.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Егер балаңыздың интеллектуалды дамыған, білімді, отансүйгіш, адамгершілік-этикалық принциптерге адал, тез шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, креативті болғанын және “Заманауи мектепте” оқығанын қаласаңыз, құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие мекені - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының есігі Сіздер үшін әрдайым ашық!

2021 жылдың 1 наурыз бен  1  сәуір аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарына үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталады.
Біздің гимназияның оқушысы атану үшін үміткер конкурстық іріктеуден өту қажет. Конкурсқа қатыспас бұрын, міндетті түрде qabyldau.daryn.kz  cайтынан тіркеуден өтіп, үміткердің құжаттарын электронды түрде өткізу керек немесе біздің гимназияға келіп, маманның көмегімен тіркеуден өтіп, құжаттарды тапсыра аласыздар.

Үміткердің құжаттары тапсырылған соң, ол конкурстық іріктеуге қатысады.

Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі. Үміткер белгіленген мектепке келіп офф-лайн тестілеуден өтеді.

5-сыныпқа тестілеу 40 сұрақты қамтиды:
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
Тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.

Толық ақпаратты (87182) 64-28-35,
+7 (777) 493-14-17 телефондары арқылы хабарласып біле аласыздар.

Мектебіміз сапалық деңгейі жоғары, заманауи талапқа сай. Ұлттық сана-сезім мен білімді өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу – біздің мақсат! Келешектің іргетасын бірге қалайық!