6-сыныптар арасындағы "Салт-дәстүр білгірі" атты сайысы
Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеріп, ұлттық дәстүрлерден үлгі алуға арналған 6-сыныптар арасында "Салт-дәстүр білгірі" атты сайыс өткізілді.
⠀
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, тапқырлыққа баулу.
⠀
Айта кетелік, сайыс 4 кезеңнен тұрды.
⠀
Әр кезеңде оқушылар ұлттық салт-дәстүр мағынасын ашып, берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинады.
⠀
Түрлі наным-сенімдер мен қазақ халқының ырымдарының шығу тарихымен танысып өз білімдерін жетілдірді.
⠀
Сайыс қорытындысы бойынша:
⠀
1-орын 6в “Зерде”
2-орын 6а “Білімпаз”
3-орын 6ә “Инабат”
6б “Қазына” белсенді қатысқаны үшін берілді.