Мектепке қабылдау
Құрметті ата-ана! Балаңыз дарынды ма, баланың жарқын болашағы үшін алаңдайсыз ба?
Онда балаңыздың құжаттарын мамандырылған мектептердің біріне тапсырыңыз. Оған өз білімін сынап білуге мүмкіндік беріңіз.
2021 ж. 1.03-1.04 аралығында құжаттарды қабылдау басталады.
Мамандырылған мектеп оқушысы атану үшін үміткер конкурстық іріктеуден өтеді.
Конкурстан өтпес бұрын qabyldau.daryn.kz сайтында немесе өзіңіз таңдаған мектепте маманның көмегімен құжаттарды тапсыра аласыз.
Мектепте өз бағыттарына сәйкес 5,6,7 сыныптан бастап қабылдайды.
Құжаттарды тапсырған соң үміткер конкурстық іріктеуден өтеді:
- 5 сыныптар үшін математика және логика, оқу сауаттылығы тексеріледі.
- 6-7 сыныптарға бұл бөлімдерге қоса Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырмаларын орындайтын болады.
Тестілеу тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмалар мен өткен оқу жылының бағдарламалары негізінде жасалады.
Тел.: 8 (7182) 64 28 35, 8 777 493 14 17.
Толық ақпарат daryn.kz сайтында.
