“Өмір шіркін, жебе сынды зулаған” тақырыбында онлайн-кездесу
Бүгін өңірімізге белігілі Алаш Халықаралық сыйлығының иегері, Арман Қани Бақтанұлымен “Өмір шіркін, жебе сынды зулаған” тақырыбында онлайн-кездесу өтті.
Кездесуге ақын жырларын сүйіп оқитын оқушылар қатысып, Арман Қанидың шығармашылығы турасында әңгіме қозғалды.
Ақын шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен, қаламгерлік шеберлігінің кемелдігімен өз оқырмандарын таңдандырады.
Бұған кездесу барысында Арман Қанидың өз жырларын жеріне жеткізе оқып, жүректерге поэзия нұрын ұялатуы дәлел болмақ.
Бүгінде гимназиямызда ақын өлеңдерін жатқа оқып, сөз мәнісін салмақтай білетін поэзияға жаны жақын оқушыларымыз айтарлықтай көп.

