Денсаулық фестивалі-2020
"Денсаулық фестивалі-2020" ауқымды іс-шара ұстаздардың қатысуымен таңғы жаттығу жасаудан басталды.
⠀
Түрлі дене жаттығуларын жасаған ұстаздарымыз аталмыш фестиваль көпшіліктің салауатты өмір салтын ұстануына бастайтынын алға тартты.
⠀
Қоғамның басты байлығы - адам болса, адамның басты байлығы - денсаулық. Адам денсаулығына байланысты акцияның өз деңгейінде өтілуіне ат салысқан, ұстаздарымыз бен оқушыларымыз салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыруға шақырады.
