11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру
11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 4 маусым сағат 11:00-де өтеді. Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілер мен ата-аналардың қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтіледі. Аттестат тапсыру рәсіміне
мектеп формасында келу ұсынылады.
