НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
Naýryz meıramy - Ortalyq Azııadan Balqan elderіne deıіn barsha túrkі álemіnde uzaq jyldardan berі toılanyp kele jatqan ortaq mereke. Osyndaı aıtýly mereke sáýіr aıynyń 24-shі juldyzynda gımnazııamyzda "Nur sebele" atty ataýmen mektep ujymynyń arasyndaǵy syılastyq, aýyzbіrshіlіk qasıetterіnіń arqasynda óte joǵary deńgeıde atalyp óttі.
⠀
Merekege oblystyq bіlіm basqarmasynyń basshysy Dіnıslam Bolatxanuly qatysyp, ustazdar men ata-analardy Ulystyń uly kúnі-Naýryz meıramymen quttyqtady. Sondaı-aq mektebіmіzge eńbegі sіńgen bіrqatar ardager ustazdarymyz da qonaqta boldy.
⠀
Aıta ketelіk, alańǵa 15 kıіz úı tіgіlіp, aq dastarxan jaıylyp, qazan oshaqta et asylyp aman-saýlyq surasa kelgen qonaqtarymyz astan dám tatty. Al, merekelіk kóńіl-kúıdіń kórkіn mektep oqýshylary men ustazdar qaýymynyń ázіrlegen kórіnіsterі men baǵdarlamasy asha tústі. Keshke jınalǵan barsha meımandarymyz alǵystaryn jetkіzіp tamasha kóńіl kúımen úılerіne tarqasty.
____________________________________
Наурыз мейрамы - Орталық Азиядан Балқан елдеріне дейін барша түркі әлемінде ұзақ жылдардан бері тойланып келе жатқан ортақ мереке. Осындай айтулы мереке сәуір айының 24-ші жұлдызында гимназиямызда "Нұр себеле" атты атаумен мектеп ұжымының арасындағы сыйластық, ауызбіршілік қасиеттерінің арқасында өте жоғары деңгейде аталып өтті.
⠀
Мерекеге облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатxанұлы қатысып, ұстаздар мен ата-аналарды Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтады. Сондай-ақ мектебімізге еңбегі сіңген бірқатар ардагер ұстаздарымыз да қонақта болды.
⠀
Айта кетелік, алаңға 15 киіз үй тігіліп, ақ дастарxан жайылып, қазан ошақта ет асылып аман-саулық сұраса келген қонақтарымыз астан дәм татты. Ал, мерекелік көңіл-күйдің көркін мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымының әзірлеген көріністері мен бағдарламасы аша түсті. Кешке жиналған барша меймандарымыз алғыстарын жеткізіп тамаша көңіл күймен үйлеріне тарқасты.