"Интернет 'иә/жоқ'" атты тәрбие сағаттары
12 сәуір күні Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында республикалық "Қауіпсіз интернет" акциясы аясында 8-сыныптар арасында "Интернет 'иә/жоқ'" атты тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл тәрбие сағаттары Интернет әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейіндегі ақпаратты оқушыларға жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін арттыру мақсатында әңгімелесу, талқылау жүргізілді.

