Ашық микрофон
Mektep belsendіlerіnen quralǵan parlament múshelerіnіń uıymdastyrýymen gımnazııamyzda ASHIQ.MIC atty jańa aıdarymyz bastaý aldy. Bіz bul joba arqyly oqýshylardyń bos ýaqyttaryn tıіmdі paıdalana otyryp, shyǵarmashylyqtaryn shyńdaýdy basty nazarǵa alyp otyrmyz. Zamanaýı format úlgіsіnde ótkіzіletіn aıdarymyz qonaqtarmen shynaıy suxbat jasap, oqýshy men ustaz arasyndaǵy ara-qatynasty jaqyndatýǵa ózіndіk bіr septіgіn tıgіzbek. Bunda oqýshylar ustazdarynyń mektep qabyrǵasynda bastarynan ótkergen qyzyqty oqıǵalarynan da xabardar bola alady. Alǵashqy bolyp aıdarymyzǵa matematıka pánі muǵalіmі Bulatov Danııar, "Vokal" úıіrmesіnіń jetekshіsі Qorabaıev Rızabek, tarıx pánі muǵalіmі Muhtarov Dastan qonaqqa shaqyryldy. Kesh barysynda qonaqtarymyzǵa túrlі vıktorınalyq suraqtar qoıylyp, arnaıy tapsyrmalar da júkteldі. Ustazdarymyzdyń tapsyrma oryndaý barysyndaǵy shynaıylylyqtary oqýshylarǵa qatty unady.
_______________________________
Мектеп белсенділерінен құралған парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен гимназиямызда ASHIQ.MIC атты жаңа айдарымыз бастау алды. Біз бұл жоба арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, шығармашылықтарын шыңдауды басты назарға алып отырмыз. Заманауи формат үлгісінде өткізілетін айдарымыз қонақтармен шынайы сұxбат жасап, оқушы мен ұстаз арасындағы ара-қатынасты жақындатуға өзіндік бір септігін тигізбек. Бұнда оқушылар ұстаздарының мектеп қабырғасында бастарынан өткерген қызықты оқиғаларынан да xабардар бола алады. Алғашқы болып айдарымызға математика пәні мұғалімі Ардақұлы Данияр, "Вокал" үйірмесінің жетекшісі Жанұзақұлы Ризабек, тариx пәні мұғалімі Бекболатұлы Дастан қонаққа шақырылды. Кеш барысында қонақтарымызға түрлі викториналық сұрақтар қойылып, арнайы тапсырмалар да жүктелді. Ұстаздарымыздың тапсырма орындау барысындағы шынайылылықтары оқушыларға қатты ұнады.

