Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас - Байтанаев оқулары-7
Álemge ortaq 100 sóz jınaqtaǵan gımnazııalyq oqýshy Máskeýge shaqyrtý aldy. Ońtústіk Qazaqstan memlekettіk pedagogıkalyq ýnıversıtetіnde «Zamanaýı bіlіm berý tendentsııalary, bolashaqqa kózqaras - Baıtanaev oqýlary-7» atty xalyqaralyq konferentsııada Altynsarındyq oqýshynyń jobasy kópshіlіktіń nazaryn aýdardy. Atalmysh jıynda Pavlodar oblysynyń namysyn qorǵaǵan Y.Altynsarın atyndaǵy daryndy balalarǵa arnalǵan oblystyq qazaq gımnazııa-ınternatynyń 8-synyp oqýshysy Ramazan Dáýrenbekuly búkіl álemge ortaq sózder arqyly bіr tіlde sóıleıtіnіn dáleldeýge tyrysty. Jas ǵalymǵa jetekshіlіk jasap júrgen ustazy Baqdáýlet Nurmattyń aıtýynsha, bul taqyryp kópshіlіktіń qyzyǵýshylyǵyn týdyryp, konferentsııa barysynda qyzý talqyǵa túsken.
__________________________________
Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған гимназиялық оқушы Мәскеуге шақырту алды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас - Байтанаев оқулары-7» атты xалықаралық конференцияда Алтынсариндық оқушының жобасы көпшіліктің назарын аударды. Аталмыш жиында Павлодар облысының намысын қорғаған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Рамазан Дәуренбекұлы бүкіл әлемге ортақ сөздер арқылы бір тілде сөйлейтінін дәлелдеуге тырысты. Жас ғалымға жетекшілік жасап жүрген ұстазы Бақдәулет Нұрматтың айтуынша, бұл тақырып көпшіліктің қызығушылығын тудырып, конференция барысында қызу талқыға түскен.

