Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Алау-2019

2019 jylǵy 13 aqpanda Pavlodar qalasynyń oblystyq áskerı mektep ınternatynda Aýǵanystannan Keńes áskerlerіnіń shyǵarylýynyń 30 jyldyǵyna arnalǵan "Alaý-2019" daryndy balalarǵa arnalǵan mamandyrylǵan mektepter arasynda áskerı-qoldanbaly sport túrlerіnen oblystyq jarys ótkіzіldі. Pnevmatıkalyq vıntovkadan atý, jalpy fızıkalyq daıyndyq, (beltemіrge tartylý), AK-74 bólshekteý, qurastyrý, oqjatardy jarý jáne jabdyqtaý, jalpy áskerı qorǵanys komplektіsіn kııý sııaqty áskerı-qoldanbaly sport túrlerі boıynsha ótken jarysqa gımnazııa-ınternatymyzdyń oqýshylary da qatysty. Atap aıtatyn bolsaq, "AK-74 jartylaı bólshektep, jınaý" saıysynda 1-oryn, "Pnevmatıkalyq myltyqpen atý" saıysynda 1-oryn, "Oqjatardy jaraqtaý, oqtan bosatý" saıysynda 3-oryn, al jalpy komandalyq esep boıynsha 2-orynǵa laıyq dep tanyldy. Jarys sońynda júldeger komandamyz dıplomdarmen jáne medaldarmen marapattaldy.
______________________________________
2019 жылғы 13 ақпанда Павлодар қаласының облыстық әскери мектеп интернатында Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 30 жылдығына арналған "Алау-2019" дарынды балаларға арналған мамандырылған мектептер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық жарыс өткізілді. Пневматикалық винтовкадан ату, жалпы физикалық дайындық, (белтемірге тартылу), АК-74 бөлшектеу, құрастыру, оқжатарды жару және жабдықтау, жалпы әскери қорғаныс комплектісін кию сияқты әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өткен жарысқа гимназия-интернатымыздың оқушылары да қатысты. Жалпы ертеңгі күні елім деп сап түзер сарбаздарды дайындау мектеп қабырғасынан басталары анық. Ол үшін қазақтың озық дәстүрлерін және Отан деген қасиетті мәңгі қастерлей білуді ұрпақ жадына терең сіңіруіміз керек. Осындай қасиеттерді бойларына сіңіріп, үстіне сарбаз киімін киген оқушыларымыз аталмыш жарысты жоғары дәрежеде аяқтады. Атап айтатын болсақ, "АК-74 жартылай бөлшектеп, жинау" сайысында 1-орын, "Пневматикалық мылтықпен ату" сайысында 1-орын, "Оқжатарды жарақтау, оқтан босату" сайысында 3-орын, ал жалпы командалық есеп бойынша 2-орынға лайық деп танылды. Жарыс соңында жүлдегер командамыз дипломдармен және медальдармен марапатталды.