Математикалық квест
Aqpannyń 13-і kúnі "INFO-FM" atty matematıka, fızıka jáne ınformatıka pánderіnіń aptalyǵy "Matematıkalyq KVEST" saıysymen óz jalǵasyn tapty.
Bunda oqýshylar bіlіmderі men bіlіktіlіkterіn tájіrıbege negіzdelgen pánge baılanysty qoldana bіlýge daǵdylanady. Sondaı-aq oılaý, úırený, aqparat alý, tіl tabysa alý, eńbekke qabіlettі bolý sııaqty qabіlettterіn qalyptastyrady."Matematıkalyq kvest" oıyny kúndegі synyptaǵydaı partaǵa otyryp emes júrіp oryndaıtyn, qyzyǵymen qatar qıyndyǵy bіrge júretіn toptyq oıyn bolǵandyqtan, bul saıysqa 9-synyp oqýshylarynan quralǵan "Formýlalar" jáne "Altyburysh" toptary qatysty. Bul saıysta oqýshylar bіlegіnіń kúshіmen ǵana emes, sonymen qatar oıynyń ushqyrlyǵymen, jyldamdyǵymen syńǵa tústі. SIQYRLY KVADRAT>LOGIKA>BASPALDAQ>KIM JYLDAM>GEOMETRIIa>MATEMATIKA ǴULAMALARY bіrneshe synaqtardan óttі. Saıysta ekі top ta jaqsy nátıje kórsettі, bіraq "Altyburysh" toby judyryqtaı jumylyp komandalyq jumys nátıjesіnde bіrіnshі orynǵa ıe boldy.
____________________________________
Ақпанның 13-і күні "INFO-FM" атты математика, физика және информатика пәндерінің апталығы "Математикалық КВЕСТ" сайысымен өз жалғасын тапты.
Бұнда оқушылар білімдері мен біліктіліктерін тәжірибеге негізделген пәнге байланысты қолдана білуге дағдыланады. Сондай-ақ ойлау, үйрену, ақпарат алу, тіл табыса алу, еңбекке қабілетті болу сияқты қабілетттерін қалыптастырады."Математикалық квест" ойыны күндегі сыныптағыдай партаға отырып емес жүріп орындайтын, қызығымен қатар қиындығы бірге жүретін топтық ойын болғандықтан, бұл сайысқа 9-сынып оқушыларынан құралған "Формулалар" және "Алтыбұрыш" топтары қатысты. Бұл сайыста оқушылар білегінің күшімен ғана емес, сонымен қатар ойының ұшқырлығымен, жылдамдығымен сыңға түсті. СИҚЫРЛЫ КВАДРАТ>ЛОГИКА>БАСПАЛДАҚ>КІМ ЖЫЛДАМ>ГЕОМЕТРИЯ>МАТЕМАТИКА ҒҰЛАМАЛАРЫ бірнеше сынақтардан өтті. Сайыста екі топ та жақсы нәтиже көрсетті, бірақ "Алтыбұрыш" тобы жұдырықтай жұмылып командалық жұмыс нәтижесінде бірінші орынға ие болды.

